Бүгін Қазақстан Президенті ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Екі күндік сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Әбу-Даби әмірлігінің тақ мұрагері, БАӘ Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездеседі. Сондай-ақ, Елбасы осы күні БАӘ-нің мемлекет қайраткерлерімен және іскер топтар өкілдерімен келіссөздер өткізеді.
16-қаңтар күні ҚР Президентінің Х Дүниежүзілік «Болашақтың энергиясы» саммиті жұмысына қатысуы жоспарланып отыр.