• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2011

Ғибрат сөз

858 рет
көрсетілді

«Таңат Сейдахмет ақын» деп Торғай табанында есімі үлкен құр­метпен аталатын ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында жа­ңа кітап жарық көрді. XIX ға­сыр­дың екінші жартысы мен XX ға­сырдың бас кезінде ғұмыр кешкен ақын еңбегін алғаш тасқа басушы Ыбырай Алтынсарин болса, оның шығармашылығы мен ғұмырын алғаш зерттеушілердің бірі – жазу­шы Сабыр Шәріпов болыпты. 1910 жылы Торғай елін аралап, әдебиет үлгілерін жинаған жазушыдан кейін Сейдахмет ақын әдебиет білгірі Қажым Жұмалиевтің назарына да ілігеді. Көзі тірісінде жасы кіші бол­ға­нымен жанына жақын балаған Ахмет Байтұрсыновпен сыйлас, қа­дір­лес болған Сейдахмет ақын інісінің ізімен «40 хикаят» жазған екен. «Ғибрат» деп аталатын жинаққа Сейдахмет ақынның өлеңдері мен толғаулары, сол сияқты, халық ау­зында сақталып қалған сөздерімен қатар, өмірі мен шығармашылығы туралы әр кезде жазылған ма­қалалар да енгізілген. «Сөйлесе – сөздің шешені, Бастаса елдің көсемі. Сейдахмет ақынды Әулие адам деседі», дейді екен. Шынында да, Сейдахмет бір басына сан өнер қонған адам болса керек. Ұсталық, зергерлік өнерге де салар олжасы бар ақынның енді бір аты – Сейдахмет ұста. Өзінен ке­­йін шыққан талай темірден түйін түйген, алтын-күмістен асыл бұ­йымдар жасаған зергерлер мен ұсталар Сейдахметті ұстаз тұ­тыпты. Қысқасы, оқырманның қо­лына тиген жаңа кітаптың айтар ойы мен берер ғибраты мол. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.