• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Наурыз, 2011

Бағаны көп болып құрықтайды

341 рет
көрсетілді

Баға Қостанайда да көтеріліп тұр. Жа­қында облыс әкімі Сергей Кулагин об­лыс­тағы ауылшаруашылық тауар өндіру­ші­лерімен, ұқсату кәсіпорында­рының бас­шыларымен, қалалардағы сауда орын­да­рының, базарлар мен супермаркет иелерімен және азық-түлік түрлерін көтер­ме тасымалдаушылармен кездесу  өткізді. Әрине, әңгіме қазығы облыс өңірінде өндірілетін және сырттан әкелінетін әлеуметтік маңызды тауарларға бағаны тұрақтандыру мәселесіне байланды. Кедесуде облыс басшысы аймақ эко­но­микасын және әлеуметтік саланы да­мы­тудағы бизнестің  қосқан үлесіне лайықты баға берді. Өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын, халық­тың әл-ауқатын жақсарту жолында кәсіп­керлермен бірлесе, түсіністікпен жұмыс­тар атқарыл­ған­дығын да атап өтті. Жал­пы, бизнесті дамыту үшін кәсіпкерлерге мемлекет тара­пынан жасалып отырған қолдау, жеңіл­діктер де ауыз толтырып айтарлықтай. Облыс әкімінің орынбасары Н.Сәдуа­қасов кездесуге қатысушыларды  ауыл­шаруа­шылық жылының қорытындыла­рымен таныстырып өтті және өңірдегі азық-түлік тауарлары бағасына талдау жасады. Облыста бағаның божысын босатпау үшін аз жұмыс атқарылған жоқ. Тұрақтандыру қорының арқасында тек биыл ғана емес, бірнеше жылдан бері нан мен нан өнімдеріне баға бірқалыпты деңгейден өзгерген емес. Биыл да облыс қалалары мен ауылдардағы кез келген дүкендерде нанның бағасы көтерілген жоқ. Қымбатшылық салқынын білдірмеу мақ­сатында  әлеуметтік дүкендер мен сау­да нүктелері жеткілікті мөлшерде ашыл­ды. Сонымен қатар республиканың өзге об­лыстары мен жақын шет елдерден көк­өніс жеткізу орталықтандырылды, қоғам­дық мал мен ауыл-селодағы жеке қожа­лық­т­ар үшін жемге  субсидия берілді. Рес­публика­лық бюджет есебінен  облыс­та  төрт жүз­ден аса шаруашылық қар­жылай көмек алды. Облыс басшылығы үстіміздегі жылы аймақта азық-түлік молшылығын жасау үшін бірқатар жұмыстар жоспарын жасап отыр.  Сүт және ет бағытындағы мал және құс шаруашылығы бағдарламасы жүзеге асуда. Алдымыздағы көктемгі дала жұмыстары кезінде картоптың және көкөніс алқаптары кеңейтілетін болады.  Көкөністі сапалы сақтау мақсатында қой­малар жасақталады және осы бағытта бір­неше құрылыс нысандары да жоспар­ланып отыр. Кездесуде облыс әкімі бағаны тұрақ­тандыруда  өздерінің қаржылық-эко­номикалық жағдайы мәз еместігіне қа­рамастан бұрынғы қалып­тасып қалған дәстүрмен аудандардағы ауылшаруа­шы­лық тауарларын өндіру­шілер үлкен жауапкершілікті арқалап жүргенін айтты. Сондықтан облыс бас­шысы бар жүкті өндірушілерге арта бермей, ұқ­сату кәсіпорындарын да азық-түлік ба­ғасын құрықтауға жауапкершілікпен ат­салысуға шақырды. Ол жауапты  адам­дарға  еттің сатып алу жә­не сатылу ба­ғасын қадағалауды тап­сыр­ды. Өйткені, бағаны көбіне ортадағы  алыпсатарлар аспандатып жібереді. Мысалы, Қоста­най ауданында село тұр­ғындарынан ки­ло­сын 350 теңгеден сатып алған шошқа еті Қостанай қала­сындағы ор­талық базарға келгенше 600-700 теңгеге өседі. Басқа ет түрлері мен өткен жылы құрғақшылық болуына бай­ланысты тап­шылық танытып отыр­ған картоп бағасы да осылай құбылады. Кездесу соңында әлеуметтік маңыз­ды азық-түлік тауарларына бағаны тұ­рақ­тандыру мақсатында  облыстағы «Иволга-Холдинг», «Арай Холдинг», «Милх» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Қарасу–Ет» сауда-өндіріс­тік компаниясы, тағы басқа да ірі ұқсату кәсіпорындарымен, сауда орындарымен екіжақты меморандумға қол қойылды. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, Қостанай.