• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
25 Наурыз, 2011

Әлемдік тәжірибенің берері мол

395 рет
көрсетілді

Биылғы Жолдауда «Сыбай­лас жемқорлықпен бітіспес күрес жү­­ріп жатыр. Қазіргі таңда ха­лық­аралық сарап­шы­лардың ба­ға­сы бойынша Қазақ­станның сы­байлас жемқорлық­қа қарсы заң­намасы ең тиімді­лер­дің бірі деп танылған», деп атап көрсетілген болатын. Шын мә­нісінде де, тек соңғы екі жыл­­дың ішінде қыл­мыс­тық жауапкершілікке рес­публи­калық дең­гейдегі қы­рық­тан астам жетекші, екі жүзден астам облыс­тық және қалалық ауқымдағы ла­уазымды тұлғалар­дың тар­тылуы көп нәрседен хабар берсе керек. – Жасыратыны жоқ, халық­аралық сыбайлас жемқор­лық­тың салдарынан мемлекет­тер­дің эко­но­микалық және әлеу­меттік са­ла­­ларына орасан зор шығын келіп, оның тұтас­ты­ғына қауіп төне бастады. Сон­дықтан да ха­лық­аралық дең­гейдегі жемқор­лық­пен күресте әлемдік қауым­дастықтың күш-жігерін бірік­тірудің маңызы зор. Бұл орайда қазіргі таңда көп­теген елдерде мұндай қоғам­дық үлкен кеселмен күресте сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-әрекеттің тиімді әдістері мен модельдерінің бо­луы құптарлық жәйт. Дегенмен, жалпыға бірдей ортақ, бірыңғай жүйенің әлі күнге дейін қа­лыптаспай отыр­ғандығы көңілді алаңдататын­дығы сөзсіз. Бұл орай­да, ха­лықаралық сы­байлас қылмысқа қарсы күресте және активтерді қайтаруда ай­тар­лық­тай нәти­жеге жету үшін, ең ал­дымен мемлекеттер ара­сында құнды ақпараттармен алмасу және жүйелі түрде құ­қықтық көмек көрсету және өзге де маңызды мәселелердің жолға қо­йы­луы­ның қажеттілігі зор, – дейді Қайрат Қожамжаров. Бүгінгі күн тәртібінде тұр­ған осы және өзге де мәселелер жө­нінде Алматыда өткен «Активтерді қайтаруға және халық­аралық сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-әрекеттерге ар­налған күштерді біріктіру» ат­ты ха­лықаралық конференцияда атап айтылды. Ха­лық­ара­лық конференцияда Пре­зи­денттің кө­мекшісі, Қауіпсіздік Кеңе­сінің хатшысы Марат Тә­жин Мемлекет басшысының құт­­тық­тауын оқып берді. Бұл фо­румға еу­роатлантикалық ке­ңіс­тіктен еу­разиялық кеңістікке дейінгі ал­пысқа жуық елдің сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес ве­домство­ларының бас­шылары мен беделді халық­аралық ұй­ым­дардың сарап­шы­лары қа­тысты. Агенттік басшысы жинал­ған­дарды, сондай-ақ «Трансперенси Интернешнл» халық­ара­лық әлеу­мет­тік қоры рейтингі бойынша осыдан үш жыл бұ­рын Қазақстан сыбайлас жем­қорлық бойынша 155-ші орын­да тұрса, қазірде 120-шы орын­ға көтерілгендігінен де хабардар етті. Бір құптарлығы, бұл жағ­дайдың қалыпқа түсуіне рес­публиканың алдыңғы жылы БҰҰ-ның сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы конвенциясына қо­­сылуы айтарлықтай ықпал етті. Атап ай­тар­лығы, елімізде үшін­ші рет қа­тарынан өткізіліп отыр­ған халық­аралық конференция ЕҚЫҰ, БҰҰ, ГРЕКО және «Трансперенси Интернешнл» сияқты беделді ұйым­дармен ынтымақтастықты ны­ғайтуға және жаңа серпіліс беруге берік негіз болмақ. Халықаралық конференцияда жиынға қатысушы мемлекет­тердің сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес органдары басшы­лығымен «Активтерді қай­та­руға және халықаралық сыбай­лас жем­­қорлыққа қарсы іс-қи­мылға күш­терді біріктіру» ту­ралы Ал­ма­ты коммюникесі қа­­былданды. Бақыт БАЛҒАРИНА, Алматы.