• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
25 Наурыз, 2011

Көктемгі әскерге шақыру басталды

481 рет
көрсетілді

3 наурызда «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қа­зақ­стан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шыққан еді. Осыған байланысты Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде өткен екі күндік оқу-әдістемелік жиынында был­тыр­ғы жылғы жастарды күзгі әс­керге шақыру кезеңі қорытын­ды­ланып, талдау жасалды. Шараға қатысушыларға ҚР ҚМ ШБК ұйымдастыру-жұмыл­дыру жұмыстары департамен­ті­нің бастығы, полковник Қайрат Мыңжанов биылғы жылғы кезекті шақырылымға тапсырма беріп, әскери міндеттілердің құжатта­рын жасау және оқу жиындарын ұйымдастырудың негізгі талап­та­рын жеткізді. – Жастарды Қарулы Күштер қатарына сапалы түрде іріктеу Қа­зақстан армиясының жауын­гер­лік әзірлігін жоғары деңгейге көтеруге ықпал етеді, – деп атап өтті полковник Қайрат Мың­жа­нов. – Өткен жылдардағы әскерге шақыру науқанының нәтижесі көр­сетіп отырғандай, сапалы өт­кі­зілген әскерге шақыру науқаны жауынгерлік әзірліктің де қар­қынды өсуіне әрі тиімділігіне қол жеткізіп отыр. Қазақстан Республикасының Қор­ғаныс министрі әскерге ша­қы­рушылардың білім деңгейінің өс­кендігін бірнеше рет атап өт­кен болатын. Өткен жылы әс­керге ша­қырылғандардың көп бөлігі жо­ғары білімі бар жастардан құ­рал­ды. Жиынға қатысушылар әскери басқару органдары мен жергілікті атқару органдары арасындағы өз­а­ра іс-қимылды, дәрігерлік комис­сияларды қажетті  медициналық жаб­дықтармен қамтамасыз етуді, сондай-ақ  2011 жылы әскери міндеттілермен оқу жиындарын өт­кізу мәселелерін талқылады. Дастан КЕНЖАЛИН.