Астана қаласының автомобиль жолдары басқармасы 20, 24 және 27 қаңтарда 16:00-ден 18:00-ге дейін Астана қаласы әкімдігінің ғимаратында (Бейбітішілік көшесі, 11, №553 каб.) автокөлік жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау мәселелері бойынша ашық есік күндерін өткізеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Күн тәртібінде қалалық жолдарға қатысты өзекті мәселелерді тиімді шешу және оңтайландыру бойынша тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары қаралады.
Толық ақпаратты 55-67-49 телефоны бойынша алуға болады.