• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Наурыз, 2011

Қоныстой қуанышы

555 рет
көрсетілді

Көптен күт­кен қа­си­ет­­ті де қас­тер­лі мереке – Наурыз мей­рамы қар­са­ңын­да ал­ма­ты­лық ал­пыс отбасы жа­ңа қо­ныс тойын тойлап, үлкен қуанышқа бөленді. Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қа­ла­лық әкімдік ғи­маратында баспана кезегінде тұрған қала тұр­ғын­да­рына және туберкулезге қар­сы диспансер қызметкер­леріне жаңа пәтерлердің кілтін сал­та­нат­ты түрде тапсырды. Жалға берілген жаңа бас­па­наларды тұрғын үй алуға кезекте 1986 жылдан бері тұр­ған отызға жуық адам иеленді. Олар­­дың арасында көп балалы және жартылай отбасылар мен созылмалы науқастың  ауыр түр­леріне шалдыққандармен қатар, жетім балалар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер де бар. Сөз реті келгенде атап ай­тар­лы­ғы, оңтүстік астанада қала тұр­ғындарын жаңа баспанамен қамтамасыз етуде ілгері­леу­шілік байқалуда. Мәселен, туберкулезге қарсы диспансердің отыз қызметкері өткен 2010 жы­лы пайдалануға берілген пәтер­лер­ден «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша ипо­те­калық тұрғын үй алды. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасына орай елімізде жа­ңа денсаулық сақтау кешен­де­рінің құрылысы салынумен қатар, медицина саласы қызметкер­ле­рі­не арналған жаңа тұрғын үйлер де бой көтеруде, деді Ахметжан Есімов. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бо­йын­ша медициналық ме­кемелер­дің қызметкерлері «Тұр­ғын үй құрылыс жи­нақ банкі» арқылы ипо­те­калық несие ала алады. Бұл несие жиырма жылға, жыл­дық төрт пайыздық сый­ақы­мен беріледі. Алматыда бұл бағ­дар­лама бойынша білім беру са­ла­­сына – төрт, ал денсаулық сақтау саласына арналып төрт кеше­ннің құрылысы тұрғы­зыл­мақ. Бақыт БАЛҒАРИНА, Алматы.