Президентікке кандидат Жамбыл Ахметбековтің сенім білдірілген адамы, Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының бірінші хатшысы Владислав Косарев «Атырау су арнасы» мекемесінің ұжымымен кездесу өткізді. Онда ол Жамбыл Ахметбековтің сайлауалды бағдарламасымен кеңірек таныстырып, ондағы негізгі бағыттарды баяндап берді. Сенім білдірілген адамның пікірінше, Қазақстан –демократиялы мемлекет. Сол себептен, халықтың демократиялық таңдау жасауына ерік берілген. Алайда, алдағы сайлауда Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының өкілдері сайлаушылардың дұрыс таңдау жасайтынына сенімді екендігін білдірді.
– Біздің бағдарламамыздың басым бағыттарына тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласындағы қордаланған проблемалар мен жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі арқау болды, – деді Владислав Косарев. – Әсіресе, орта буын мамандар жұмысқа орналаса алмайды. Бұған мемлекет тарапынан бақылау болуы қажет.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, Атырау облысы.