• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
25 Наурыз, 2011

Кең ауқымды пікір алмасу

463 рет
көрсетілді

24 наурызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдері және Грузия бойынша арнайы өкілі Пьер Морельді қабылдады. Тараптар Қазақстан – Орталық Азия – Еуропалық Одақ пішініндегі қарым-қатынастың қазіргі күйі мен перспективаларын, ағымдағы жылдағы Қазақстан – Еуропалық Одақ саяси үнқатысуының басымдығы мен мақсаттарын, елі­міздің «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарлама­сы­ның және Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы стратегиясының іске асырылуын, энергетика мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мәселелерін талқылады. Ерекше назар Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалығының қорытындысына және Қазақстан – ЕО арасындағы жаңа негіздемелік келісімді жасасу мәселесіне аударылды. Қ. Саудабаев атап көрсеткендей, қазіргі таңда Қазақстан алда өтетін кезектен тыс президенттік сайлауды халықаралық стандарттарға сай өткізуге үлкен көңіл бөлуде. Тараптар сондай-ақ өзекті аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша кең ауқымды пікір алмасты, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.