• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Наурыз, 2011

Арнайы өкілмен кездесті

358 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдері және Грузия бойынша Арнайы өкілі Пьер Морельді қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қа­зақ­стан Республикасы мен Еуро­палық Одақ арасындағы ынты­мақ­тас­тық­ты одан әрі дамыту мәселе­лері бойынша пікір алма­сылды. «Еуропалық Одақ Қазақ­стан­ның маңызды әріптесі болып табылады», – деді Төраға және ол Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың екіжақты ынтымақтастықты экономи­ка­лық және саяси жаңа деңгейге шығару үшін нақты мүм­кін­діктері бар екенін атап өтті. Алдағы президенттік сай­лауға қатысты Төраға «Бұл сайлау тәуелсіз 20 жылдағы жақсы, халықаралық стандарттарға толық сәйкес өтеді», деді. П.Морельдің айтуынша, ма­ңызды саяси оқиғаны өткізу үшін Қазақстанда барлық қа­жет­ті жағ­дай жасалған. «Президенттік сайлау сіздің еліңіздің инс­титуттық және саяси өмірінде жаңа кезеңді ашады», – деді мейман. Кездесу барысында халық­ара­лық және аймақтық саясат­тың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды.