• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
25 Наурыз, 2011

Сайлау науқаны шынайы

464 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Қазақстан Республикасындағы президенттік сайлауды байқау жөніндегі миссиясының басшысы, елші Даан Эвертсті қабылдады. Кездесу барысында алдағы Қа­зақ­станда болатын президенттік сайлаудың мәселелері талқы­лан­ды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Сенат басшысы «Қазақстан билігі президенттік сайлау ха­лық­аралық стандарттарға сай адал және әділетті өтуі үшін барлық мүмкіндікті жасайтын болады», – деп атап өтті. Сенат Төрағасы алдағы сай­лау­ға ЕҚЫҰ Парламенттік Ассам­блеясы тарапынан байқал­ған елеулі ықыласқа жүздесу­ші­нің назарын аударды. 70 адамнан тұратын ЕҚЫҰ ПА байқау­шы­лар миссиясын Хорватия Парламентінің депутаты, белгілі саяси және қоғам қайраткері Тонино Пицула басқарады. Елші сайлауалды жағдай туралы миссияның аралық есебін ұсынды. Қ.Тоқаевтың пікірінше, бұл құжат біздің еліміздегі сайлау науқанын шынайы көрсетеді.