Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ресей темір жолдары» ААҚ президенті Владимир Якунинді қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Кездесу кезінде Кеден одағы аясында екі елдің темір жол көлігі жолдарын дамытудың кең ауқымды мәселелері талқыланды.
Владимир Якунин Нұрсұлтан Назарбаевқа халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, жаһандық өркениеттер үнқатысуын орнықтыруда әлем жұртшылығының күш-жігерін біріктіруге қосқан үлесі үшін «Өркениеттер үнқатысуы» Халықаралық қоғамдық форумының сыйлығын тапсырды.