• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2017

ОҚО-да жаңа жоба кәсіпкерлерге кеңес береді

283 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысында Кәсіпкерлер палатасы елімізде баламасы жоқ жаңа жобаны іске қосты. Палатаның мамандары базарлардағы сатушылар мен шағын кәсіпкерлерге түрлі кеңестер беретін болады. Ол үшін Шымкент қаласында орналасқан «Айна» мен «Самал» сауда орталықтарында кеңес берушілер кабинеті ашылды. Шағын және орта кәсіп-экономиканың тіні. Дүние жүзіндегі мықты мемлекеттердің тірегі осы кәсіпкерлер. Алайда, салықтық төлем мен бухгалтерлік есепті жақсы білмегендіктен көбі дағдарысқа ұшырап жататы. Кәсіпкерлер палатасының тың жобасын облыстық кеден саласы да қолдап, бірге тегін кеңес бермек ниетте. Енді кәсіпкерлердің айы оңынан туатын болады. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысы