• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2017

Бас прокуратура Құқықтық статистика комитетінің төрағасы тағайындалды

370 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Өкімімен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрайымы қызметінен босатылды. Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысында дүниеге келді. Сүлеймен Демирел атындағы университетті және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген. 2011 және 2012 жылдар аралығында ҚР БАМ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары болды. 2012 жылдан бастап ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының лауазымын атқарды. 2014 жылдың сәуірінде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл тағайындауға дейін "Қазпошта" АҚ Басқармасының төрағасы қызметін атқарды.