• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2017

Қазақстандықтар доллар сатып алуды азайтты

305 рет
көрсетілді

2016 жылғы желтоқсанда халықтың айырбастау пункттерінде қолма-қол АҚШ долларын нетто-сатып алу көлемі өткен аймен салыстырғанда 10%-ға төмендеп, 358,5 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2015 жылғы желтоқсандағы деңгейден (922,1 млн. АҚШ доллары) үш есе дерлік төмен, деп хабарлайды Ұлттық банк. Бұл ретте теңгенің 2015 жылғы желтоқсандағы айырбастау бағамының деңгейін 2016 жылғы желтоқсандағы деңгеймен салыстыруға болады – тиісінше әр кезеңнің соңындағы есептен алғанда 1 АҚШ доллары үшін 340,01 және 333,29 теңге. 2016 жылы халықтың АҚШ долларын нетто-сатып алуы 1,4 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2015 жылғы көлемнен 5,7 есе дерлік төмен. Бұл деңгей 2001 жылдан бергі бақылау кезіндегі ең төмен жылдық мән болып табылады. Қолма-қол АҚШ долларына сұраныс сақталып отыр, алайда ол едәуір төмендеп кетті. Осындай көрініс шетел валюталарының басқа да неғұрлым танымал түрлері бойынша байқалып отыр. Мәселен, 2016 жылы қолма-қол Ресей рублін нетто-сатып алу 88,1 млрд. рубльге дейін 2 есе қысқарды. Бұл ретте қолма-қол АҚШ доллары мен Ресей рублін нетто-сатып алудың теңгедегі баламасында көлемі іс жүзінде теңесті, ал 2015 жылы Америка валютасы Ресей валютасына қарағанда 2,7 есе танымал болды. Еуропаның қолма-қол валютасын нетто-сатып алудың көлемі өткен жылы 373 млн. еуроға дейін 40%-ға жуық қысқарды. Еуроға сұраныс шектеулі болып отыр.