АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайт өзінің Ислам дінін қабылдайтынын айтты. Бұл туралы ол Туиттердегі парақшасында жазды, деп хабарлайды РБК.
«Мен католик христан ретінде өстім. Кейін Епископалды шіркеуге бардым. Содан соң отбасымның иудей сеніміндегі адамдар екенін білдім. Енді Ислам дінін қабыдамақшымын», — деп жазды Олбрайт.
Бұрынғы мемлекеттік хатшының айтуынша, АҚШ кез келген дінді ұстануға мүмкіндік беретін ел ретінде қалуы керек.
Сәл ертеректе президент Дональд Трамптың Иран, Ирак, Ливия, Сомали, Судан, Сирия мен Йемен азаматтарының елге кіруін шектейтіні туралы хабарланған еді.