2016 жылы картамен жасалған сауданың көлемі 1,3 млн теңгені құрады, деп жазады ranking.kz.
Бұл көрсеткіш 2015 жылғымен салыстырғанда 59 пайызға артық. Бір карта орташа есеппен жылына 166,3 мың теңгеге сауда жасайды. Бір транзакцияның орташа сомасы 12,6 мың теңге. Жалпы қаржы айналымында картамен төлем жасауға берілген басымдылық 10 пайыздан 13 пайызға артты.
2016 жылы картадан қолма-қол ақша шешім алу көлемі 8,7 трлн теңгеден асты. Бұл 2015 жылғымен салыстырғанда 21,6 пайызға көп. Орташа есеппен бір картадан жылына 1 млн теңге қаржы алынады. Бір картадан бір рет орташа есеппен 41,6 мың теңге шешіп алынады.