Ямайка құрамасындағы әріптесі Неста Картердің бірер күн бұрын допинг-сынамасы оң нәтиже беруіне байланысты әйгілі желаяқ Усейн Болт 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында 4 спортшының 100 метрлік эстафетасында жеңіп алған алтын медалін қайтаруға мәжбүр болды. Бұл «Росбалт» хабарлады.
«Медалімді қайтарғым келмейді. Бірақ бұл Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) талабы болғандықтан амалсыз көнуге тура келеді», – деді Болт.
Айта кетейік, Усейн Болт Бейжің, Лондон, Рио Олимпиадаларының барлығы тоғыз алтын медаль жеңіп алған.