Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында алтын алған жағдайда мансабын аяқтауға дайын болыпты. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
«Риоға физикалық, психологиялық, техникалық жағынан дайын болып бардым. Финалда сәттілік жетіспеді. Олимпиада күмісі – карьерамдағы басты жетістігім. Егер Риода алтын алсам карьерамды аяқтайтын едім. Қазір медальдарымның арасында Олимпиаданың алтыны жоқ. Демек, ол медальды алу үшін Токио Олимпиадасына дайындаламын», – дейді дзюдошы.
Айта кетейік, 24 жастағы дзюдошымыз Риода өткен Олимпиада ойындарында 60 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, күміс жүлде алған болатын. Ол финалда ресейлік Беслан Мудрановтан жеңіліп қалған еді.