• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
30 Қаңтар, 2017

Сот жүйесін ақпараттандыру стратегиясы әзірленеді

328 рет
көрсетілді

Жоғарғы сотта «Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінде қойған міндеттерін іске асыру» тақырыбында сот төрелігін жүзеге асырудың өткен жылғы қорытындыларына арналған кеңейтілген кеңес өтті.  Президент Әкімшілігі Бас­шы­сының орынбасары Т.До­на­қов, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы А.Смолин, Адам құқық­тары жөніндегі уәкіл А.Шәкі­ров, Жоғарғы соттың судья­лары, облыстық соттардың төраға­лары мен әкімшілері, Судья­лар одағы мен Жоғарғы сот жа­нын­дағы Соттардың қы­з­метін қам­та­масыз ету депар­таментінің бас­шылы­ғы қатыс­қан жиында Жоғарғы сот Төрағасы Қайрат Мәми баян­дама жасап, өткен жылда елі­міз­де сот жүйесін дамыту­дың жа­ңа кезеңі басталға­нын, со­ның шеңберінде құқық үс­тем­дігі саласындағы инс­ти­ту­ционалдық реформа­ларды практикалық тұрғы­дан іске асыру қамтама­сыз етіл­генін атап өтті. Ал жыл қо­р­ы­тындысын шығарып, ал­дағы кезеңге бағытталған бір­қатар міндеттерді баян еткен Төрағаның айтуынша, аза­маттық істерді соттарда қараудың жалпы мерзімі екі есе қысқарып, аза­мат­тық істердің 82 пайыздан астамы алғашқы сот отырысында-ақ аяқ­талғанын жеткізді. «Осылайша, істерді бұйрық арқылы қарау – 43 пайызға, дау­ды шешудің баламалы жолдарын қолдану – 68 пайыз­ға, медиация тәсілімен 3 есеге артты. Сөйтіп, жалпы істің 59,2 пайы­зы тараптарды сотқа ша­қыр­май-ақ, жеңілдетілген іс жүргі­зу тәртібімен қаралуда. Ал про­курордың қатысуы­мен қа­ралған істердің саны ша­мамен төрт есеге азайды», – деді Қ.Мәми. Сондай-ақ, сотқа келіп түскен өтініштер мен істердің жалпы саны артып, 2015 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 1 млн 160 мыңнан асқаны белгілі болды. Соның ішінде 810 мыңға жуық іс пен өтініш азаматтық сот ісін жүргізу тәр­ті­бінде қаралса, соңғы 5 жылда соттар қараған азаматтық істердің саны төрт есе немесе 200 мың іске артқан. Осыған байланысты Қайрат Мәми судьялардың VII съезінде берген Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шең­берінде дауларды соттан тыс шешу тетіктерін дамыту ар­қылы сот жүктемесін азайту бойынша шараларды әзірлеу қа­жеттігін алға тартты. Сонымен қатар, өз баян­да­масында Қ.Мәми электронды сот төрелігін одан әрі же­тіл­діру қажеттілігіне ерекше назар аударды. Сөйтіп, ал­да­ғы бес жылға арналған Сот жүйесін ақпараттандыру стра­тегиясын әзірлеу міндеті қой­ылды. Аталған құжат шең­бе­рінде сот органдарының Ахуал­дық орталығы құрылып, сот отырысының электронды залы­ның моделі енгізіліп, сот ісін жүргізу толығымен электронды нұсқаға көшірілетін болды. Айта кетейік, шара аясын­да азаматтық, қыл­мыс­­тық, әкім­шілік істер жә­не ин­вес­ти­ция­­лық даулар бойынша сот тө­релігін жүзе­ге асырудың 2016 жыл­ғы қорытындысы туралы Жоғарғы соттың алқа төра­ға­лары Еліс Әбдіқадыров, Абай Рахметулин мен Айгүл Қыдырбаева баяндама жасады. Сондай-ақ, бірқатар облыс төрағалары да сөз сөйлеп, аймақтардағы сот ісінің жағ­дайын егжей-тегжейлі хабардар етті. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан»