• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2017

Іскерлер үшін керемет мүмкіндік

345 рет
көрсетілді

Елбасымыздың Жол­дау­лары өзінің жүйелілігімен ерекшеленеді. Биылғы Жолдау ел дамуындағы үлкен бір жоспардың кезекті айтулы сатысын меңзейді. Президент оны «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы» деп атады. Жолдаудың негізгі бағыты – эко­номикалық өсім. Өйткені, Қазақстан заман көшінен қалмауы тиіс. Бизнесте, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында жоғары технологияларды енгізу, оларды игеру, сондай-ақ, сандық салада өз стартап­тарымызды дамытуға жағдай жасау тапсырылды. Бұл орайда, енді тұтастай мемлекеттік бағдарлама да қабылданады, халықаралық тех­но­парк­­тер де құрылады. Мемлекет басшысы елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайызға жеткізуді стратегиялық мақсат етіп қойды. Осындай биік мақсатқа жетудің жос­парын да қолмен қойғандай етіп, таратып айтып берді. Енді кәсібін дөң­ге­лет­кісі келетін кез келген жан ауылдық жерде болса да 16 мил­лион теңгеге дейін несие ала алады. Бұл керемет мүм­кіндік деп ойлаймын. Бизнес­тің дамуына зия­нын ти­гі­зіп отырған әкімшілік кедер­гілер­ді жойып, нормаларды реттеу де «Ата­мекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына тапсырылды. Біздің Қазақстан бағыт алған әлемнің ең дамыған 30 елі – экономикасы мен әлеуметтік саласы мықты мемлекеттер. Осыған байланысты Елбасының дәл осы экономикалық дамудың қозғаушы күші – шағын және орта бизнесті өркендетуге көңіл бөлуі өте дұрыс. Себебі, экономикамыз мықты, бәсекеге қабілетті болғанда ғана, біз әлеуметтік саланы да тиісті деңгейге көтере аламыз. Президент биылғы Жолдауында да әлеуметтік салаға тұтастай бір ба­сым­дықты арнап отыр. Сол төртінші басымдық адами капитал сапасын жақсарту деп аталған. Бұл басымдық аталған саланы жан-жақты қамтыған. Дей­тұрғанмен, менің ойымша, ол – әлеу­меттік қамтамасыз ету саласын дамыту. Ешкімге де құпия емес, қаржылық дағдарыс, әлемдік валю­талық қор саясаты, мұнай бағасы сын­ды факторлар салдарынан дүние жүзін­де инфляция көрсеткіші жылда өсіп отыр. Біз де ғаламдық нарықтың бір бөл­шегі болғандықтан, осы өз­ге­ріс­тің «суығынан» тысқары қалмай­мыз. Бірақ әлеуметтік саланың төлем­дері өсіміне инфляцияның тигі­зе­тін әсері мейлінше төмендетілді. Себе­бі, біздің елімізде зейнетақы мен жәр­дем­ақы және басқа да төлемдер көлемі мүм­кіндікке қарай жылда өсіп отырады. Бұл үрдіс биыл да жалғасын тап­қан. Мұхтар МАНКЕЕВ, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы