• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Сәуір, 2011

Мәдениет пен өнер саласындағы шығармашылық одақтардың мәлімдемесі

609 рет
көрсетілді

Қазақстанның мәдениет пен өнер саласындағы шығарма­шы­лық одақтарының өкілдері кезектен тыс президенттік сайлаудың қорытындысын зор ризашы­лық­пен қабылдап, бұл сайлаудағы Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаев­тың жеңісін айрықша қуанышпен қарсы алды. Шығармашылық одақтар Тәуел­­сіздіктің таңынан бастап Тұңғыш Президентіміздің елдік мұрат, ұлт­тық мүдде тұрғысында ұстан­ған бағытын әрдайым қолдаумен келеді. Елбасымыз мемлекеті­міз­дің әл-қуатын нығайтумен қатар, ха­лықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағ­дайының жақсаруына да, мә­дениет пен өнердің өркендеп да­муына да ұдайы көңіл бөліп отыр­ғанын атап өтеміз. Өмірдің сан түрлі саласын­дағы мемлекетіміздің қол жеткізген бүгінгі толайым табыстары, биік нәтижелер берген қоғам­дағы оң реформалар – Елба­сы­ның алысты болжай білетін, өзгелерді соған иландыра алатын көреген саясатының арқасы деп білеміз. Сайлауалды науқан бастал­ған­нан-ақ біз Нұрсұлтан Назар­баев­тың кандидатурасын табанды түр­де жақтайтындығымызды ашық біл­дірдік. Көпшілігіміз түрлі дең­гейдегі штаб жұмысына жұмыла араласып, жақтастар тарапынан ұйымдастырылған акцияларға белсенді қатынастық. Әсіресе, Елбасының «Бола­шақ­­тың іргесін бірге қалай­мыз» атты биылғы жылғы Жол­дауын­дағы жаңа міндеттер өнер қай­раткерлерінің шабытына ша­быт қосып, айрықша жігер берді. Бұл бағдарламаның ойдағыдай жүзе­ге асатынына нық сенеміз. Біз, музыка мен театр сала­сы­ның, композиторлардың, кине­матографистердің, сәулетшілер мен суретшілер одақтарының шы­ғарма­шылық өкілдері, Нұр­сұлтан На­зар­баевтың тәуелсіз Қазақ мемлекетін құрып, оның эконо­микалық әлеуетін мықтап, әлемге танымал ету жолындағы қажыр-қайратын жоғары баға­лаймыз. Өз кезегінде біз де еліміздің мә­дениетін одан әрі өркендету ісіне, халқымыздың келешегінің кемел бо­луына барлық қажыр-қайраты­мыз­ды жұмсаймыз деп сендіреміз. Ермек СЕРКЕБАЕВ, Тұң­ғыш­бай ЖАМАНҚҰЛОВ, Балнұр ҚЫДЫРБЕК,  Игорь ВОВНЯНКО, Ақмырза РҮСТЕМБЕКОВ, Бай­тұр­сын ӨМІРБЕКОВ.