• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
07 Сәуір, 2011

Қазақстан Кәсіподақтары федерациясының президенттік сайлау қорытындыларын қолдаған мәлімдемесі

387 рет
көрсетілді

Қазақстан Кәсіподақтары фе­дерациясы болып өткен президент сайлауы қорытындыларына өзінің қолдауын білдіреді. Қазақстан Тәуелсіздігінің бар­­лық 20 жылында Мемлекет бас­шы­сы кәсіподақтар қозғалысын үнемі қолдап келеді, одан еңбек адамының ертеңгі күнге деген сенімін қамтамасыз етуге қабілетті шынайы күшті көріп, мемлекеті­міздің игілігі жолында еңбек ету үшін жағдайлар жасауда. Экономика мен әлеуметтік са­ланың барлық қызметкерлері өз­дерінің қазақстандықтардың бо­ла­ш­ағына деген үміттерін, өз­дері­нің әл-ауқатының жақ­саруын Қа­зақстан Республикасының Пре­зиденті Н.Ә.Назарбаевпен ғана бай­ланыстырады. Ұлт Көшбасшысы – ел Президенті басшылығымен Қазақ­ста­н­ның демократиялық қоғам құру, еңбекшілердің әлеуметтік-эконо­микалық проблемаларын шешу және саяси жүйені жаңғырту бо­йынша өз жолын жалғас­ты­ра­тынына сенімді. Қазақстан Кәсіподақтары фе­де­рациясы әркезде де Тұңғыш Пре­зидент – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың, жүргізіліп жат­­қан реформалардың сенімді жақ­тау­шысы болып келген және болып қала береді. Біз Мемлекет басшысын сай­лаудағы сенімді жеңісімен құт­тық­таймыз және оған мықты ден­саулық, Отанымыздың өркен­деуі жолындағы одан арғы қыз­метінде табыстар тілейміз.