• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
07 Сәуір, 2011

Елбасыға сәлем жолдаймыз!

430 рет
көрсетілді

Еуропа, Түркия, Қытай және Моңғолияда тұратын  қазақ диаспораларының  бірлескен мәлімдемесі Қазақстан президентін сайлау жарысында Нұрсұлтан Назарбаевтың айқын басымдықпен жеңіске жеткеніне бүкіл әлем куә болды.  Біз – елден жырақта тұратын 5 миллионға жуық қазақ бұл сайлауға ерекше ынта-ықылас, айрықша қызығушылық таныттық. Соған байланысты шетелдердегі қазақ мәдени орталықтары әртүрлі деңгейде жиындар өткізді. Сайлауға қатысуға мүмкіндігіміз болмаса да, жүректен шыққан ақ тілегіміз, адал ниетіміз Назарбаев жағында екендігін сол басқосуларда ашық білдіріп жаттық. Өйткені, Назарбаев дүниенің төрт бұрышында шашырап жүрген қазақтардың басын тарихи Отанымызға жинауға бар күш-жігерін жұмсады. Бұл істе толайым табыстарға қол жеткізді. Біз Елбасының осы қайраткерлігін жақсы білеміз, әрі қатты бағалаймыз. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлаудағы жеңісін біз­дің бәріміз зор қуанышпен қарсы алдық. Бұл жеңіс – тек Қа­зақстан тұрғындары ғана емес, жер жүзінің әр қиырында жүрген иісі қазақ ағайын үшін аса маңызды тағдырлы оқиға.  Елбасыға шын жүректен құттықтау айтамыз. А.КЕСЕДЖИ,  профессор, Еуропа қазақтары фе­­де­рациясының  төрағасы (Мюнхен); Ш.НАЙ­МАН,  зейнеткер,  Еуропа қазақтарының ардагер  ақсақалы (Мюнхен); А.ШЕТИН,  зейнеткер (Кельн); М.ЗЕНГИН,  кәсіпкер (Осло); И.ҚОСШЫ,  кәсіпкер (Стокгольм); Д.ҚЫ­ЛЫШ,  кәсіпкер (Ыстамбұл); С.ЖАНБОЛАТ,  қоғам қайраткері (Үрімші); Р.АСАЙ,  профессор (Улан-Батор).