• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2017

Кемістікке өзіміз кеңістік туғызып жүрген жоқпыз ба?..

309 рет
көрсетілді

«Осы біздің аудандағы атышулы бір ауылдың адамдарының көбісі мүгедек. Олар өздерінің ұлттық ерекшелігіне байланыс­ты бір анадан тумаса болды, ағайындылар өзара бір-бірімен қыз алысып, құдаласуға құмар­лы­ғынан қан тазалығы сақталмай, кем­тар жандар тым көбейіп кеткен деген де пікір бар көпшілік арасында. Кім білсін?! Кейде солар әлеуметтік жәрдемақыны күн­көрісіне қосымша табыс ету үшін де жолын тауып, мүгедектік ала ма деген ой келеді. Әй, бірақ құдайдан қорқатын шығар», дейді Мақтаарал ауданында тұратын бел­гілі журналист Жолбарыс Тілеуұлы қайбір жолы пікірлесіп оты­рып. Ойға қалдырған сөз болды мұнысы. Адамзат баласының мүм­кіндігін шектейтін қандай да бір ауру немесе жазатайым оқи­ғаның салдары ұлт, жыныс, өңір таңдамайтыны аян. Деген­мен, мақтааралдық әріп­те­сіміздің сө­зі­­нен ұлт пен этнос­тар­дың жа­ра­ты­лысындағы био­ло­гиялық, тұр­мыс­тық, өмір сү­ру сынды ерек­ше­ліктердің ден­сау­лыққа әсері бо­латынын мең­зе­генін сездік. Өкінішке қарай, соңғы жылдары оңтүстікте мүмкіндігі шек­теулі азаматтар саны көбейе түсуде. Оңтүстік Қазақстан об­лысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағ­дар­ла­маларды үй­лестіру басқармасының дерек­те­ріне қарағанда, 2017 жыл­дың 1 қаңтарына облыс­та 117 мың­нан астам мүгедек есеп­те тұр­ған (облыс халқының – 4 пайы­зы, ал республикада тұ­рат­ын мүгедектердің 17,6 пайы­зы). Яғни, 2012 жылмен салыстырғанда 12,5 пайызға, 2015 жылмен салыстырғанда 7,8 пайызға өскен. Аудандар бой­ын­ша аталған көрсеткіштің төмендеу динамикасы Отырарда (99,3%), Сайрамда (88,6%), Арыста (81,9%) байқалса, қалған ай­мақтарда керісінше өсуде екен. Өткен жыл бойынша жасал­ған талдау нәтижесіне сүйенсек, қан айналымы жүйесі ауруынан мүгедек болып танылғандар көп. Нақтырақ айтсақ, ере­сек­тер­дің 27 пайызы қан айналы­мы жүйесінің, 13 пайызы жа­ра­қат алу салдарынан, 13 пай­ы­зы қатерлі ісіктер, 11%-ы ту­беркулез бен эндокринді жүйесінің, ал 36%-ы басқа соматикалық аурулардың салдарынан мүгедек болған. Ал балалар арасында 35% туа біткен ке­містік, хромосомдық бұзылу ау­руларына, 34% жүйке және псих­икалық ауруларға, 27% жа­ра­­қат алғандар мен басқа да со­ма­тикалық ауруларға келіп отыр. Ме­дициналық әлеуметтік са­рап­та­ма бөлімінің мәліметіне сәй­кес, жалпы 117 389 мүгедектің 64,6%-ы (75 845 адам) қазақ, 16,5%-ы (19327 адам) өзбек, 5,2%-ы (6011 адам) орыс, 1,0%-ы (1217 адам) тәжік және 12,8%-ы (14989 адам) басқа да этнос өкілдері, дейді Оңтүстік Қазақстан облыстық жұ­мыспен қамтуды жә­не әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бас­­­қармасы басшысының орын­­басары Мәдина Есімова. Сон­дай-ақ, өткен жылы мү­ге­дек­тер­ді оңалтудың жеке бағ­дар­ла­маларына сәйкес оңал­ту шаралары мен әлеуметтік қыз­мет­тер көрсету үшін барлық бюд­жет­тер есебінен 6,7 млрд тең­ге қара­лып­ты, бұл көрсеткіш алдың­ғы жылмен салыстырғанда 28,8%-ға арт­қан. Мәліметтерден аң­ғар­­ға­ны­мыз­­дай, ересектерді кө­бінесе қан айналымы жүйесінің бұ­зылуы мүгедектікке мәжбүрлеп отырса, балалар арасында туа біткен кемістік пен хромосомдық аурулар көп. Жеті атаға дейін қыз алыс­пауды қанды бұзбау, таза­лықтың белгісі, ұрпақ сапа­сы­ның қамы деп білген дана қазақ­тың балалары мұндай ауру­лардан аман деген ойдамыз. Десек те, ауылдағы ахуалды же­тік білетін маманның мәселеге бай­ланысты пікірін білгеніміз артық емес. – Тұқым қуалайтын аурулар, қан тазалығы туралы ғылыми негізде кеңінен таратып айтуға болады. Ал жергілікті жермен байланыстыра, қарапайым мысалмен айтар болсақ, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам ауданы халқының менталитеті бас­қа аудандарға қарағанда өз­ге­шелеу. Халық арасында жа­қын туыстарымен қыз алысу, қа­ны жақын жастардың бір-біріне үй­ленуінің салдары жатырдағы балада ақаулардың пайда болуы­на себеп болып табыла­ды. «Дәс­т­үрдің озығы бар, то­зығы бар» дегендей, ұрпақ сабақ­тас­ты­­ғына кесірін тигізіп отырған мұн­­дай дәстүрден бас тартатын кез ­келген секілді. Осы мәселені көтеріп, үш тілде жарық көретін ау­дандық газетте бірнеше рет ма­қала жаздым. Халық арасында және емделушілерге де мамандарымыз «қандасына үйленудің» қаншалықты қатерлі екенін аула ара­лау жұмыстарын атқарған ке­зінде барынша түсіндіруде. Баланың денсаулығына алаң­дай­тын тағы бір мәселе – ана­лар­дың жүктілікке жауап­кер­ші­лікпен қа­рамауы. Аталмыш проб­лема қай­тадан ұлттық мента­литетке ті­ре­ліп тұр. Бізде «жас кезінде туып алсын» деген көз­қарас қа­лып­­тасып қалған. Үлкендердің ақы­­лына құлақ асқан жас аналар кейде бір жылда екі рет босанып жатады. Бұл дұрыс емес. Себебі, әйел босанғаннан кейін кем дегенде екі жыл демалуы керек. Оның ағзасы толықтай қалпына ке­ліп, әл-қуатын жинап алғаны абзал. Оның үстіне, баланы екі жасқа дейін емізсе дені сау болады. Ал бірінші баланы босанып, бір жылға жетпей екінші рет­ нәрестелі болған әйелдің ден­саулығы сыр бере бастайды. Дүниеге жаңадан перзент әкелген әйел­ді «жарты адам» деуге болады. Яғни, ол қуатының жартысын балаға беріп отырған адам. Ал кейінгі сәби арада екі жыл өтпей жа­тып туса, көп жағдайда әлсіз, ауру­шаң болып келеді. Себебі, әлі қалпына келіп үлгермеген жа­тырда өскен бала жарымжан бо­лады. Әр перзенттің арасы үш-төрт жылдан кем болмаса ол балалардың ақыл-есі дұрыс, ден­с­аулығы мықты болмақ, – дей­ді медицина ғылымдарының кан­­дидаты, Сайрам аудандық Ақсу­ке­нт емханасының бас дәрі­г­­е­рі Қал­дыбай Ыдырысов. Білікті маман айтып отырған жақын туыстарымен қыз алысу, қаны жақын жастардың бір-біріне үйленуі Мақтаарал ауда­нын­­дағы кей ұлыстар арасында да кездеседі. Әңгімеміздің ба­­сын­да айтқан мақтааралдық тұр­­ғынның алаңдаушылығы бе­кер емес секілді. Ресми дерек­ке жүгінсек, мүгедектер қа­та­рын­да­ғы 1217 тәжік этносы өкіл­де­рі­нің 80 %-ынан ас­т­амы Мақ­та­арал ауданында тұ­рады екен. Демек, дәрігер ай­т­қан­дай, өңір тұрғындарына ұрпақ са­бақ­тас­ты­ғына кесірін тигізетін дә­с­түр­­ден бас тартатын кез келген се­кілді. Ағайынға ақыл айтудан ау­ла­қ­пыз, біздікі «ауруын жа­сыр­­­­ған өледі» деген тұр­ғы­да­ғы жанашырлық. Ұлт сау­лы­ғы эко­номиканың дамуы үшін ма­­ңыз­­ды рөл атқаратыны бә­рі­мізге мәлім. Денсаулығы жақ­сы адамдардың еңбек өнім­ді­лі­гі жоғары болатынын, эконо­мика және қоғам дамуына үл­кен үлес қосатынын әрбір қазақ­стан­­дық біледі. Ал дамыған эко­­номика әлеуметтік ортаны жақ­­сарту арқылы өмір сүру са­па­­сын жоғарылататыны және мә­лім. Сондықтан да, мүмкіндігі шек­теулі азаматтардың саны арт­­пай, экономикалық белсенді, ең­бек­ке қабілетті халықтың ана­ғұр­лым көп болғанын бәріміз де қалаймыз. Ғалымжан ЕЛШІБАЙ, «Егемен Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысы