• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Ақпан, 2017

Астана процесі қайта жалғасты

211 рет
көрсетілді

Алқалы жиынға Сирия үкіметі мен осы елдегі қарулы оппозициясының делегациялары, атысты тоқтату режіміне кепіл мемлекеттері – Ресей, Түркия және Иран елдерінің, сонымен қатар, Иорданияның, Біріккен Ұлттар Ұйымының, бақылаушы ретінде АҚШ-тың делегациялары қатысты. Астанадағы келіссөздер 23-24 қаң­тарда елордада өткен бі­рін­­ші кездесуде қол жеткізіл­ген, бі­­тім­ге келу туралы келі­сім­­дер­­ді жү­зе­ге асыру арқылы Сирия мә­се­­ле­лерін реттеу проце­с­ін­де ілге­рі­­леу­шіліктерді қамта­ма­сыз етуге ба­ғыт­талды. Жиын­ға қ­атыс­қан де­ле­га­циялар кезде­су­дің ұйым­дас­­ты­рылғаны үшін алғыс­тарын біл­ді­ріп, Сирия дағдарысын реттеу жол­­дарын қарастыруға Қа­зақ­­стан Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесіне жоға­ры баға берді. Екі күнге созылған келіссөздер нәтижесінде кепіл мемлекеттер әскери іс-қимылдарды тоқтату режі­міне мониторинг жасау жөнін­дегі бірлескен жедел топ тура­лы ереже келісілгені туралы хабар­лады. Бірлескен жедел топ атқара­тын міндеттердің қатарында қару­лан­ған оппозициялық топтарды терро­ристік ұйымдардан ажыра­ту­ды қамтамасыз ету, Сирия қақ­ты­ғысын саяси тұрғыда реттеуді іл­гері­лету бойынша сенім шараларын нығайту сынды маңызды мәселелер бар. Аталған топ тараптардың әске­ри іс-қимылдарды тоқтату мә­се­­лелері бойынша тұрақты түр­де кеңес өткізіп тұрады және БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің 2254 қара­ры­ның бұзылу оқиғаларын тексе­реді. Сонымен қатар, зорлық-зомбы­лықтың ушығуына жол бермей, Сириядағы гуманитарлық ахуалдың жақсаруына атсалысатын болады. Еліміздің Сыртқы істер ми­нистрлігі мәлімдегендей, Қазақ­стан қол жеткізілген келісімдерді қолдай отырып, Астана процесінің кезекті отырысының нәтижесін Сирияға қатысты үнқатысуда маңызды қадам деп санайды. Бұл БҰҰ аясында Женевада өтетін келіссөздердің табысты болуына оң ықпалын тигізуі тиіс. Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»