Азияның 10 жыл бұрын диплом алған 8% ғалымы ғана өзге елдерде жұмыс істеген. Бұл туралы life.ru хабарлады.
Индонезия, Малайзия, Сингапур және Тайланд мемлекеттерінде жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша бұл елдердің ғалымдары шетелдік әріптестерімен қарым-қатынас орнатуға аса құлық танытпайды екен. Жоба авторлары мұның тәжірибе алмасуына және инновацияның дамуына кері әсерін тигізеді деп есептейді.
Жоғарыда айтылған елдерде докторлық немесе басқа да ғылыми атақ дәрежесін алған жас мамандар ішінде тек 8%-ы ғана өзге елдерде қызмет еткен. Дипломын алғаннан кейін жас азиялық ғалымдар көбіне қысқа мерзімді, нақтырақ айтқанда үш айлық іссапарға аттанып, негізінен Солтүстік Америка немесе Еуропа елдеріндегі әріптестерімен бірге қызмет етеді. Бұған жас ғалымдар халықаралық одағының зерттеу жұмыстары дәлел болып отыр.
Белгілі болғандай көршілес елдермен тек 18%-ы ғана байланыс орнатады екен. Бұл да өз кезегінде төменгі көрсеткіш болып есептеледі. Сонымен қатар, 40%-ы өз елінде негізінен білім орындарында жұмыс істейді.
Индонезия, Малайзия, Сингапур және Тайланд мемлекеттерінің шамамен 70% жас ғалымдары өз елдерінен кетуді жоспарламайтын көрінеді.
Зерттеу жұмыстарының авторлары мұндай үрдіс өз кезегінде аталған елдердің ғылыми деңгейінің төмендеуіне, жаңа идеялардың, түрлі ғылыми көзқарастардың қалыптасуына кері әсерін тигізеді деп есептейді.