• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2017

Әулиеатаның әлеуеті жоғары

264 рет
көрсетілді

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевтың халық ал­дын­дағы есеп беру кездесуі болып өтті. Селекторлық режімде об­лыстың барлық аудандары да облыс басшысының есебін тыңдауға және аудандарда жиналған үш мың адам тікелей сұрақ қоюға мүмкіндік алды. Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бар­лық сала бойынша мол та­быс­қа жетіп отыр. Соның ішінде ауыл ша­руашылығы саласындағы жал­­пы өнім­нің көлемі 227 миллиард теңгені құ­рап, 8 пайызға өс­кен. Ал өсімдік ша­руа­шылығы 112,1 пайыз­ды құраса, мал ша­­руа­шылығы 103,6 пайызды құрап отыр. Өткен жы­лы облыстың агро­өнер­­кәсіп ке­шені саласында 24 милли­ард тең­­гені құрайтын 1507, оның ішін­де 160 ірі инвестициялық жо­ба жү­зе­­ге асы­рылған. Соңғы жыл­дары мал өнім­де­рінің көлемі де артып ке­­леді. Сондай-ақ, Кәрім Нәсбекұлы өңір­­де «Сыбаға», «Алтын асық», «Құл­ан», «Жайылымдарды суландыру» бағ­дар­ла­­маларының да жүз пайыздан аса оры­н- ­да­лғанын айтып өтті. Тағы бір айта кетерлігі, об­лыс­та соңғы жылдары қант қы­зыл­­шасын өндіру қолға алынып ке­леді. Өткен жылы 5,6 мың гектар­­дан 124 мың тонна өнім жиналып, қант зауыттарына 102 мың тонна өт­кізілген. Нәтижесінде орташа өнім­ділік 232 центнерді құраған. Со­ны­мен қатар, облыс басшысы Ел­басының тапсырмасына сәй­кес, Шу ауданында көкөніс клас­те­рін құруға 2,3 мың гектар жер те­лімі суландырылғанын жә­не оған қажетті инфрақұрылым тар­ты­л­ғанын да атап өтті. Сыйым­ды­л­ы­ғы 30 мың тоннаны құрайтын қой­малар іске қосылған болса, қо­сымша 10 мың тонналық қойма аяқ­талу үстінде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биыл­ғы Жолдауында адами капи­талды жақ­са­р­тудың басты көр­сет­кіші – білім бе­руді жетілдіру еке­нін атап көрсеткен бо­латын. Бүгінгі таңда облыста білім бе­ру көр­сеткіші оң нәтижеге ие болып отыр. Өткен жылы облыстың бі­лім са­­ласын қаржыландыру 22 пайызға ар­­тып, 92 миллиард­ теңгені құра­ған. Балаларды балабақшамен қам­ту жұмыстары да өз деңгейінде ат­қа­ры­луда. Өткен жылы 19 білім ны­са­ны­ның құрылысы жүргізілсе, оның 14-і пайдалануға берілген. Сон­дай-ақ, 160 білім нысаны күр­делі және ағымды жөндеуден өткен. Білім беру саласында айта ке­терлік тағы бір жетістік – облыс­та 2017 жылдың қыркүйегінен бас­тап тегін кәсіби білім беру жобасы іс­ке қосылады. Облыстың денсаулық сақтау са­ла­­сына өткен жылы 41 миллиард тең­ге бөлінген болса, биыл об­л­ыс­тық бюд­­жет есебінен тағы 12 ны­сан­ның құры­лы­сына 855 миллион теңге қарас­ты­­рылып отыр­ғаны ай­тылды. Сондай-ақ, жыл ішінде 6 денсаулық сақтау ны­­­­саны іске қосылып, тұрғындар игі­­­­лігіне берілген. Ал мәдениет са­ла­­­сын дамытуға жергілікті бюджет­тен 4,7 миллиард теңге бөлініп, 29 мә­де­ниет нысаны күрделі және ағым­да­ғы жөнд­еуден өткен. Жыр алыбы Жам­былдың 170 жылдығына орай, өт­кен жылы Тараз қаласынан ақын атын­дағы «Руханият» орталығының ашыл­ға­ны да өңірдің рухани өміріне соны серпін бер­ген оқиға болды. Өз сөзінде облыс әкімі биыл өтетін ЭКСПО-2017 ұлттық көр­ме­сіне көне Тараздың атынан керуен жі­бе­рілетінін де айтты. Әкім тұрғындарды жұмыспен қам­тудың кешенді жоспары іске асы­рылғанын айтып, өткен жылы 30 мың­нан астам адам жұмыспен қам­тылғанын жеткізді. Оның ішінде 17,4 мың адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Тараз қаласы 2000 жылдан астам та­рихы бар аймақ. Ақыртас, Өрнек, Құлан, Қостөбе және Баласағұн секілді атақты бес қалашықтың ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енгені белгілі. Өз есебінде облыста туризмді да­мыту өзекті мәселе екенін айтқан өңір басшысы «Облысқа 1 турист келсе, 11 адамға жұмыс табылады, ал жал­пы мұнда 1,5 мың адам жұмыспен қам­­­тылады. Неге осының маңайында жұ­­мыс істемейміз?» дей келе, «Ақыр­тас» кешені жолының жөнделіп жат­қа­нын, сондай-ақ, туристік орталық ашы­л­ғанын да атап өтті. Жаңатас және Қаратау қалаларының келе­шек келбеті де көпшілікті ой­лан­т­пай қоймайды. Бұл тұрғыда обл­ыс­ы­мыз­дың шағын қалалары да назардан тыс қалмау керектігін айтқан әкім атал­ған бағытта ресейлік «Еврохим» ком­пания­сы ірі жобаны іске асыру­мен қа­тар, екі шағын қаланың әлеуметтік сала­сына қомақты қаржы бөліп отыр­ға­нын жеткізді. Тек бүгінге компания тара­пынан 20 миллион АҚШ долларын құ­райтын қаржы жұмсалған. Облыс әкімінің есепті баяндамасы тыңдалған соң, өңір басшысына жиналған көпшілік көкейдегі сауалдарын жолдады. Байзақ ауданы, Мырзатай ауылының тұрғыны Бану Жарасқызы ауылдағы ауыз су мәселесін жеткізді. Ауыл тұрғынының сауалына облыс әкімі бұл мақсатқа 350 миллион теңге бөлінгенін, жұмыстың биыл басталатынын айтты. Сондай-ақ, Шу ауданының тұрғыны Қуанышбек Қарғабаев та аудандағы орталық қазандықтың әлі күн­ге көмірмен жағылып келе жат­қа­нын айтып, облыс басшысынан енді сол қазандықты табиғи газға қосу үшін көмек беруін сұрады. Бұл сауалға да Кәрім Нәсбекұлы қазандықты та­би­ғи газға қосу үшін бүгінде 280 миллион теңге қаралып отырғанын ай­тып, тұрғындардың сұранысын қана­ғат­т­андыруға уәде берді. Ал Тараз қаласындағы «Бәйтерек» шағын ауда­ны­­ның тұрғыны Айгүл Ерғалиқызы атал­ған ауданда балаларға арналған ойын алаңшаларының жетіспейтінін, іш­кі жолдардың жоқтығын әңгімеледі. Аталған сауалға орай, облыс әкімі бұл мақсатқа да қаражат қарастырылып отыр­ғанын айтып, тұрғындар сауалы­ның орынды екеніне тоқталды. Сондай-ақ, тағы да бірқатар азаматтар облыс бас­шысына түрлі мәселелер бойынша сауал­дарын қойып, нақты жауаптар алд­ы. Еңбек ардагерлері әкімнің өткен жылғы жұмысына оң бағасын берді. Хамит ЕСАМАН, «Егемен Қазақстан» Жамбыл облысы