• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
12 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 122

339 рет
көрсетілді

2011 жылғы 10 ақпан, Астана, Үкімет Үйі Ұлттық компанияның үлестік қатысуы көзделетін келісімшарттарда ұлттық компанияның мемлекеттік мүдделерді білдіру қағидасын бекіту туралы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 32) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1.Қоса беріліп отырған Ұлттық компанияның үлестік қатысуы көзделетін келісімшарттарда ұлттық компанияның мемлекеттік мүдделерді білдіру қағидасы бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердігерлермен келісімшарттарда Ұлттық компанияның келісім-шарттары міндетті үлестік қатысуы арқылы мемлекеттік мүдделерді білдіру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 маусымдағы № 708 қаулысы; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1184 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 44, 484-құжат); 3) «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 273-құжат). 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі     К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 122 қаулысымен бекітілген Ұлттық компанияның үлестік қатысуы көзделетін келісімшарттарда ұлттық компанияның мемлекеттік мүдделерді білдіру қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қағида «Жер қойнауы және жер қой­на­уын пайдалану туралы» Қазақстан Республи­касының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және ұлттық компанияның үлестік қатысуы көзделетін келісімшарттарда ұлттық компанияның мемлекеттік мүдделерді білдіру тәртібін белгілейді. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда ұлттық компанияның мемлекеттік мүдделерді білдіруі жер қойнауын пайдалану саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты үлестік қатысу арқылы іске асыру тәртібімен жүзеге асырылады. 2. Осы Қағидада Заңда белгіленген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) аффилиирленген тұлға – ұлттық компания тікелей және (немесе) жанама түрде шешімдерді анықтауға және (немесе) егер осы заңды тұл­ғаның негізгі қызметі жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, мұндай тұлға қабыл­дай­тын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлға; 2) келісімшартта міндетті қатысу үлесі – келісімшартқа ұлттық компанияның қатысуының конкурс өткізу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін пайызбен көрсетілген үлесі; 3) оператор – келісімшартты орындауға бай­ланысты қызметті жедел басқаруды және есепке алу-есеп беру операцияларын жүзеге асыратын (уәкілетті өкіл), оның іс-әрекеті үшін жер қойна­уын пайдаланушылар мүліктік жауапкершілікте болатын, құзыретті органның жазбаша хабарла­масы бойынша Қазақстан Республи­касы­ның заңна­масына сәйкес жер қойнауын пайдалану­шылар құратын немесе белгілейтін заңды тұлға. 2. Конкурс нәтижелері бойынша жасалған келісімшарттарда ұлттық компанияның міндетті қатысу үлесін анықтау 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұлт­тық компанияның міндетті қатысу үлесінің шамасы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында және теңізде жер қойнауы учаскелері бөлігінде жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның ұсыныстары негізінде құзыретті орган қалыптастырған, конкурс­қа шығарылатын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекітеді. 4.Осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген Жер қойнауы учаскелерінің тізбесі тікелей келіссөздер негізінде ұлттық компания ұсынатын жер қойнауы учаскелері бойынша ұлттық компанияның ұсыныстары ескеріле отырып қалыптастырылады. 5. Құзыретті орган конкурс жариялау кезінде оның шарттарында Қазақстан Республикасы Үкіме­тінің шешіміне сәйкес конкурсқа шығары­латын жер қойнауы учаскесіндегі ұлттық компа­нияның міндетті қатысу үлесін және коммер­циялық табылымға дейін ұлттық компаниядан басқа, өзге жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушіге ұлттық компанияның міндетті қаты­су үлесіне байланысты шығыстарды қаржы­лан­дыру қажеттігін көрсетеді. 3. Келісімшарттарда мемлекеттік мүдделерді білдіру 6. Мемлекеттік мүдделерді білдіру оларға бекітілген өкілеттіктер шегінде, келісімшарттарда үлестік қатысу құқығын жүзеге асыру арқылы іске асырылады. 7. Ұлттық компания немесе оның аффилиирленген тұлғасы келісімшарттардағы қатысу үлестерін басқаруды келісімшарттарда көзделген органдар, бірлескен қызмет туралы шарттар және операторлардың құрылтай құжаттары (консорциумдар құрылған жағдайда) және (немесе) жарғылық капиталына бірлескен қатысумен ұйымдардың құрылтай құжаттары арқылы жүзеге асырады. 8. Келісімшартты орындау кезінде ұлттық компания өзге жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушілермен келісімшартта көзделген мұнай операцияларын іске асыру үшін талап етілуі мүмкін келісімдердің кез келген түрлерін жасай алады және мұндай келісімдердің ережелері Келісімшарттың ережелеріне кайшы болмауға тиіс. 9. Келісімшарттарда мемлекеттік мүдделерді білдіру заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына және/немесе тап­сыр­маларына, Қазақстан Республикасы Үкіметі­нің, құзыретті органның және олардың құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдардың шешімдеріне және/немесе тапсырмаларына, сон­дай-ақ мүнай-газ және энергетика саласын да­мыту бойынша Қазақстан Республикасының Үкі­меті жанындағы консультативтік-кеңесші орган­дардың шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады. Құзыретті орган ұлттық компаниямен мүнай-газ секторындағы мемлекеттік саясаттың Қазақ­стан Республикасының заңнамасында айқын­далатын негізгі бағыттарын өзгерту мүмкін­дігін ескере отырып, міндетті үлестік қатысумен келісімшарттарда бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі қағидаттары туралы меморандум жасасады. 10. Ұлттық компания келісімшарттарда Қа­зақстан Республикасының заңнамасында және келісімшартта белгіленген тәртіппен мұнай операцияларын жүргізу кезінде мемлекеттік мүд­делерді сақтауға, оның ішінде: 1) тауарларда, жүмыстар мен қызметтерде қазақстандық қамту бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауға; 2) кадрларда қазақстандық қамту бойынша, сондай-ақ кемсітпеушілік негізде қазақстандық кадрлардың жағдайларын қамтамасыз ету және еңбекақы төлеу бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауға; 3) Өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасының талаптарын сақтау бойынша; 4) жоғары технологияларды және кен орын­дарын барлау мен пайдаланудың оң практикасы негізінде жер қойнауы ресурстарын экономи­калық тиімді игеруге, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамта­масыз етуге; 5) жоғары технологияларды, жаңа және өңдеуші өндірістерді дамыту мен пайдалануға, инфрақұрылымдық және өзге де объектілерді құруға және бірлесіп пайдалануға; 6) мемлекет пен жер қойнауын пайдалану­шылардың экономикалық мүдделерінің балансы­на қол жеткізуге ықпал етеді. 11.Ұлттық компанияның немесе оның аффилиирленген тұлғасының үлесін төмендету нәти­жесінде үлестік қатысу мөлшері осы Қағиданың 7-тармағында көрсетілген органдар қабыл­дайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. 12. Ұлттық компанияның бастамасы бойын­ша жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату туралы шешім ұлттық компания ұсынған негіздемелерді, инвестициялық тәуекелдерді кешенді талдауды және мемлекеттік органдардың әлеу­мет­тік сала үшін салдарды ескере отырып, жер қойнауын пайдалу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберіндегі бар тапсырмалары ескеріле отырып қабылданады. 13. Ұлттық компания немесе оның аффилиирленген тұлғасы өзге жер қойнауын пайда­ланушылар жер қойнауын пайдалануға бұрын жасаған келісімшарттарда сатып алынған қатысу үлесін басқаруды осы келісімшарттардың ережелерін ескере отырып жүзеге асырады. 14. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт іске асырылатын аумақтағы елдің заңнамасында, халықаралық шартта және оны орындау үшін жасалған келісімдерде өзгеше көзделмесе, ұлттық компанияның өзге мемле­кет­тердің аумағында халықаралық шарттар негізінде іске асырылатын келісімшарттарда мемлекеттік мүдделерді білдіруі осы Қағидада көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.