2011 жылғы 23 ақпан № 02-01-02/34 Астана қаласы
«Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін пилоттық екі кезеңді конкурс өткізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 02-01-02/75 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, бұйырамын:
1. «Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін пилоттық екі кезеңді конкурс өткізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 02-01-02/75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6243 тіркелген, 2010 жылғы 2 мамырда № 210-211 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Бұйрықтың 2 және 4 тармақтарда «1 наурызына» деген сөздер «1 қыркүйегіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін пилоттық екі кезеңді конкурс өткізудің ережесінде:
кіріспесінде «Оңтүстік Қазақстан облыстарында» деген сөздерден кейін «2010 жылдың 1 қыркүйегінен 2011 жылдың 1 қыркүйегіне дейін кезеңінде» деген сөздермен толықтырылсын;
бүкіл мәтін бойынша «1 наурызына» деген сөздер «1 қыркүйегіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаменті (Өтешев М.Ы.) заңнамада бекітілген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 наурызынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Төраға Қ.НҰРПЕЙІСОВ.
Келісілді
Ақмола облысының әкімі ДЬЯЧЕНКО С.А.
«__» ________________2011 жыл
Келісілді
Оңтүстік Қазақстан облысының МЫРЗАХМЕТОВ А.И.
«__» ________________2011 жыл
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 16 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6821 болып енгізілді.