• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2017

Электронды күнделік – баршаға тиімді құрал

621 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында негізінен үш мәселе қаралды. Оның біріншісі – Мемлекет басшысының 14 ақпандағы Жарлығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК-ті) дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру жоспары. Осы мәселе бойынша баяндама жасаған Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов аталған бағдар­ламаның мақсаты нарықтарда сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешен өнімін өндіруді қамтамасыз ету болып табы­латындығын айтып, бағдар­лама­дағы 8 негізгі міндетті жүзеге асыру үшін 134 іс-шараның қарас­тырылып отырғанын жеткізді. «Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік» атты Қазақ­стан халқына Жолдауында бір­қатар бағыттар бойынша біздің әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндіруші елдердің бірі бола алатынымыз атап өтілді. Әсі­ресе, бұл экологиялық таза тағам­дарға қатысты айтылды. Бұл үшін, ең алдымен, шағын және орта шаруашылықтарды коо­перацияларға кеңінен тарту көзделуде», – деді бірінші вице-министр. Қаралып отырған жоспар аясын­да ішкі нарықты ауылшаруа­шы­лық таурларымен толтыру, отан­­дық өнімнің экспорттық әлеуе­тін дамыту, осы мақсаттарға қол жет­кізу үшін мемлекеттік қол­дау­дың қаржылық шараларын тиім­ді жүргізу, су ресурстары мен жер ресурстарын тиімді пай­да­лану­ға жағдай жасау, отан­дық тауар өн­діру­шілерді ауылшаруа­шы­лық тех­ни­калары, химиялық құрал­дар­мен қамтамасыз етуді арт­тыру, АӨК-ті ғылыми-техно­ло­гия­лық, кадрлық және ақпа­рат­тық-мар­кетингтік қамтамасыз ету секіл­ді көптеген маңызды мәсе­лелер қамтылған. Осы мәселені қорытындылаған Үкімет басшысының орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов жоспарды жүзеге асыру бойынша көптеген міндеттер жергілікті атқару ор­ган­дарына жүктелгендігін, сон­дық­тан, олар өз міндеттеріне сәй­кес әрбір аудан деңгейіне дейін осындай жоспар түзгендері жөн болатындығын айтып өтті. Үкімет отырысында қаралған екінші мәселе мектептерде элек­тронды күнделікті енгізудің қанат­қақты жобасы жайында болды. Осы мәселе жайында баяндаған Білім және ғылым министрі Ерлан Саға­диев бұл шара министрліктің ақ­­па­раттық жүйелерін біріктіру ая­сында іске асыратындығын атап өтті. Министрдің айтуынша, бүгінде ол басқаратын ведомство аясында 73 ақпараттық жүйе жұмыс істейді. Осы жүйелердегі деректер 4 платформаға біріктірілген. Оның біріншісі – Ұлттық білім беру фдеректер базасында білім жүйесі бойынша барлық әкім­шілік ақпа­раттарды жинақтау. Екінші платформа – Электрон­ды күнделікте оқушы­лардың күн­делікті үлгерімі, мектептің, тех­ни­калық-кәсіптік білімнің ака­демиялық ақпараты жинақ­талады. Үшінші платформа – Бұлт­ты бухгалтерия бойынша барлық білім ұйымдарының бірыңғай бух­гал­териясы жұмыс істемек. Төр­тін­ші платформа – Жоғары білім­ді басқарудың бірыңғай жүйе­сі деп аталады. Мұнда атына сәй­кес, елі­міздегі жоғары оқу орын­дары­ның ақпараттық жүйесі жинақталады. «Электронды журналдардың бірыңғай жүйесін ендіру саланың толықтай автоматтандыруға мүм­кіндік береді. Осының негізінде енді министрлік, жергілікті әкім­діктер мен білім бөлімдері өңірлер мен аймақтарда, мектептерде, сынып­тардағы жағдай жөнінде ақпарат алып, сараптау мен шешім­дер қабылдау үшін қолайлы құ­ралға ие болмақ. Сонымен қатар, мек­тептердегі балалар кон­тингентін жоспарлау, оқушы орындарының жетіспеушілігін болжау, тағы басқа мәселелерді шешу мүмкіндіктері едәуір жеңіл­денеді», деді министр. Бұл жүйенің мектептер мен олар­дағы мұғалімдер үшін беретін пай­дасы да мол болмақ. Олар енді сыныптардағы жағдайды онлайн бақылау мүмкіндіктеріне ие болмақ. Өйт­кені, ендігі кезекте іс жүргізу қа­ғаз­­дан электронды нұсқаға көші­рі­ле­­ді. Электронды күнделіктің ата-ана­­лар үшін тиімді жағы, олар енді ба­ла­­ларының білім алудағы даму ба­ры­сын, олардың бағаларын, үй тап­­сыр­­маларын қадағалауға мүм­кін­­дік алады. Өйткені, бұл қыз­мет­­тер тұтынушылар үшін тегін ұсынылады. Министр осыған орай қолға алынған қанатқақты жоба аясында «Электронды күнделік» жүйесін пайдаланатын мұғалімдер саны қа­зір 174 мыңнан асқандығын, оны 1,4 млн оқушы мен 854 мыңнан астам ата-ана қолданып отырғандығын жеткізді. 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап осы электронды күнделік арқылы 64,5 млн баға қойылып, 9,6 млн үй тапсырмалары берілген екен. Бұл жүйені бүкіл ел көлемінде тарату үшін қолға алынған мін­дет­тер ішіндегі маңыздылары – мек­тептердегі интернеттің жылдамдық ли­миттері мәселесін шешу және әр сыныпқа WiFi жеткізу болып отырғандығын айта кетсек, артық болмас. Ерлан Сағадиев балаларға арналған жаңа деңгейлі цифрлы білім ресурстарын (ЦБР) дамыту туралы да айтып өтті. ЦБР дегеніміз – бейне және интерактивті сабақтар. Еліміздегі бір мыңнан астам мектеп, олардың ішінде Назарбаев зияткерлік мектептері «BilimMediaGroup» компаниясы ұсынған осындай ресурс­тарды 2014 жылдан бас­тап қолданып келеді екен. 2016 жылы компьютер, проектор және экраннан тұратын осындай «үштіктер» жинағының 7300 данасы сатып алынса, 2017 жылы 11 000-ы алынбақ. Ал 2018 жылы 12 000 жинақ сатып алу жоспарланған. Бірінші кезекте мұндай кешенді құралдармен ауыл мектептері және интернетке қосылу мүмкіндіктері жоқ білім ошақтары жабдықталатын болады. Министр бұл орайдағы басты міндет – барлық пән бойынша ең үздік бейнесабақтарды ауыл мектептеріне жеткізу екендігін айтып өтті. Бүгінгі күні балаларға арнап үш тілде жасалған 50 мың бейнесабақ жинақталған. Мұға­лімдерге арналған бейнематериалдар да жеткілікті. Алға қойылған мақсатқа сәй­кес білім беру саласын ақпарат­тандыру ісімен бел шеше кіріскен министр осындай мәселе­де туын­дайтын ақпараттық қауіпсі­здік жайына да тоқталып өтті. Оның айтуынша, әрбір ақпараттық жүйе, ең алдымен, міндетті түрде ақ­параттық қауіпсіздік тұрғысы­нан тексеріліп, сертификаттаудан өткізіледі. Деректер мемлекеттік серверлік орталықта сақталады. «Күнделіктегі» жеке тұлғалар туралы мәліметтер мемлекеттік деректер базаларына кіріктіріледі. 2016 жылы қолданысқа енгізіл­ген «Автоматтандыру туралы» Заң талаптарына сәйкес, мемлекет­тік органдар жүйелерінің опера­торы ретінде «Ұлттық ақпарат­тық технологиялар» АҚ тағайын­далған. Еліміздің білім саласын ақ­параттық технологиялармен қам­та­масыз ету, олардың бірың­ғай жүйесін құру үшін 36 млрд теңге қарастырылған екен. Осы­ған орай аталған мәселені қоры­тын­дылаған Үкімет басшысы қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша ақ­па­рат­тан­­дыру ісінің жедел дамуы­на бай­ла­ныс­ты оның техно­ло­гия­лары да жыл­д­ан жылға жаңа­рып, бұрын­ғылары тез ескіріп қа­­лып жат­қан­дығын еске салды. Демек, атал­ған мәселеде қар­жы жұм­­сау­­дың тиімділігі барын­ша ес­к­ері­луі керек. «Бізге ақ­параттық тех­нол­о­гиялар мен олар­дың құрал-жаб­дық­тарын сатып алған кезде осы жа­ғын мық­тап ескеру керек. Ер­тең ол құрал­дар жарамай қалды деген­дей қаржыны босқа шашып жүр­мейік», деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе – Мемлекеттік сатып алулар кезінде келісімшарттарды қазынашылық сүйемелдеу туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов­тың баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, мем­лекет­тік сатып алулар жөнінде жа­сал­ған келісім­шарттардың орын­далуы енді қазы­нашылық тұр­ғы­дан бақы­лана­тын болады. Оның жобасы «Ата­мекен» ұлт­тық кәсіп­кер­лер палата­сының қатысуы­мен жа­с­а­лды. Бұл іс те елімізге қанат­қақты жоба деңгейінде бірте-бірте енгізілмек. Премьер-Министр елімізде жүргізілетін мемлекеттік сатып алу ісінің Елбасы сынына ілік­кен­дігін, сондықтан, осы бағыт­та енгізі­летін қанатқақты жоба­ға барынша мұқият қарау қажет­тігін атап өтті. Әри­не, кейбір жер­лерде осы іске кедер­гі келтіру­шілік­тің кездесуі де ғажап емес. Сон­дықтан, бұл бағыт­та ат­қарылатын жұмыстармен жұрт­шылықты хабарландырып отыру қажеттігін еске салды. Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»