• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2017

Астанада жұмысқа тұру мәселесін ХҚКО-да шешуге болады

147 рет
көрсетілді

Астанада 1 наурыздан бастап Халыққа қызмет ету орталықтарында Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметтерін алуға болады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. Еске сала кетейік, Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында Үкіметке еңбек нарығын жаңғыртып, Халықты жұмыспен қамту орталықтарын реформалап, барлық бос жұмыс орындарын қамтитын бірегей онлайн-платформа құруды тапсырған болатын. Кез келген елорда тұрғыны Халықты жұмыспен қамту орталығында жұмысқа тұруға жәрдемдесу, бос жұмыс орындарын қарау, жұмысыздықтан мемлекеттік қолдау және жұмыссыз ретінде тіркеуге тұру сияқты қызметтерді ала алады. Атап айтқанда, Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары Достық көшесі, 1 мекен-жайындағы №1 бөлімшеде, Сәтбаев көшесі, 25 мекен-жайындағы № 4 бөлімшеде және Республика даңғылы, 43 мекен-жайы бойынша орналасқан №6 бөлімшеде отырады. Алдағы уақытта Астана қаласының барлық ХҚКО-ында Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары қызмет көрсететін болады.