• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2017

Азия чемпионатында «Астана» велошабандозы қола жүлдегер атанды

224 рет
көрсетілді

«Астана» велокомандасының шабандозы Жандос Бижігітов Бахрейнде өтіп жатқан Азия чемпионатының топтық жарысында үшінші орын алды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Бижігітов 153,6 шақырымды үш сағат, 49 минут 16 секундта аяқтады. Бұл сында бірінші орынға кореялық Сан-Хо Пак ие болса, БАӘ спортшысы Юсеф Мохамед Мирза мәре сызығын екінші болып кесті. Осыған дейін Азия чемпионатының командалық жарысын Қазақстан құрамасы бірінші орынмен аяқтаған болатын. Ал «Астана» велошабандозы Дмитрий Груздев жекелеген сында алтын жүлдегер атанды. Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасын қазіргі уақытта «Астананың» бұрынғы спортшысы Асан Базаев жаттықтырады.