• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2017

Цифрлы технология және бәсекеге қабілеттілік

959 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының «Қазақ­стан­ның Үшінші жаңғыруы: жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақ­стан халқына Жолдауы біз­дерге, ғылым адамдарына нағыз пра­­г­матикалық, нақты әрі түйінді, елі­міздің болашағы үшін тағдыр­шешті мәселелерді көтерген атаулы құжат болды. Жолдау біздің еліміздің ширек ғасыр ішіндегі екі жаңғырту үрдісін аяқтап, үшінші, эконо­микамыздың әлемдік өсімінің лайықты деңгейге жетуін қамтамасыз ететін, жеделдетілген техн­ологиялық жаңғыртылу басым­ды­ғына көшуімізді айқындап берді. Цифрлы технология біздің өмірімізге тәуелсіздігіміздің бас­та­пқы жылдары-ақ батыл енгізіле бастады. Ең алды­мен, мек­тептерді жаппай компью­тер­лендіру қолға алынды. Ком­пью­терлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құ­рал ретін­­де пай­­­­дала­ныла бас­та­ды, ақ­паратпен орын­да­ла­­тын кез к­елген жұмыс компьютер көме­гі­­мен жүзеге асырылатын болды. Ақ­па­­рат­­ты сақтау да, тасымалдау да жолға қойылды. Сымсыз телефондар, желі­лік телеарна – осы бағ­дар­лама­ның жемісі. Жаңа дамып келе жат­қан жасанды интеллект белгілі бір ал­го­ритм жоқ жерде пайдалануға жол ашады. 2011 жылдың 18 қаң­тарын­да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуы­мен ұлт­тық жерсеріктік «OTAU TV» теле­ра­дио­­­хабар тарату желісі іске қосыл­ған бо­ла­тын. Бүгінде ұлттық опера­тор қыз­­ме­тін пай­даланатын үй шаруашы­лық­­­тарының саны миллион­ға жету­ге жақын. Цифрлы стан­дартқа көшкен сәтте, Қазақ­стан­да жер­серіктік жүйе або­нент­­терінің саны небәрі 6 300 болға­нын ес­керсек, бұл көр­сеткіш аталған қыз­­­меттің халық ара­сында үл­кен сұ­ра­ныс­қа ие еке­нін көр­се­теді. Бұл, әсіресе, ауыл тұр­­­­ғын­­­дары­на қатысты, өйт­кені, оның  або­­нент­­терінің 70 п­а­йы­зы ауыл­­дық жерлерге келеді. Президенттің Жолдауында елімізде үлкен экономикалық және технологиялық дүмпу болуы тиістігі баса айтылды. Ал ол үшін, ең алдымен, тағы сол IT са­ласына басымдық беріледі. Жалпы, Қазақстанда ақ­параттық тех­но­логиялар­ды мемлекеттік секторға ен­діру жұмыстары осыдан он жыл бұрын сәт­ті басталған. Оған мысал келтіруге бола­ды, ол – «eGov» жүйесі немесе Қазақ­стан­­­ның электронды үкіметі. Дәл осы жүйе­­­нің көмегімен бүгінде жүздеген опера­­ция­­­ны компьютер алдында оты­рып-ақ жү­ргізе аласыз. Құжат ресімдеу, ком­муна­л­дық қызмет түрлерінің ақысын, салық, айып­пұл, сақтандыру және өзге де қыз­мет түрлерін үйде отырып төлеуге кез кел­ген қазақ­стан­дық­тың мүмкіндігі бар. Бұл істер алдағы кезде одан әрі жетілдіріле түседі. Жолдауға сәйкес жазға қарай елімізде «Цифр­лы Қазақ­стан» мемлекеттік бағ­дар­ла­масы іске қосылуы белгіленді. Ақ­­парат­тық технология­лар қарыш­тап дамып бара жат­қан мына заманда IT сала­сын да­мыт­пасақ, дамыған 30 елдің қа­та­рынан көріну қиын. Өйткені, өркениетті елдердің барлығы осы цифрлы жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жыл­дан-жылға жақсартып келеді. Жолдауда Елбасы: «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құры­ла­тын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіс­піз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді бан­кинг, цифрлы қызмет көрсету секіл­ді денсаулық сақтау, білім беру ісін­де қол­данылатын және басқа да перспек­тивалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты», деп нақты бағдар берді. Қазақстандықтардың өмір сапасын арт­тыру әрі ұлттық экономиканы цифр­лан­­дыру бағдарламасын жүзеге асыру шең­берін­де 2020 жылға дейін интер­нет қолдану­шы­лардың санын 80 пайыз­ға дейін арт­тыру, тұрғындардың 95 пайы­зын цифр­лы xабар таратумен қамту, азамат­тар­дың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде. Бұл үшін биылдың өзінде атал­ған бағдарлама аясында елімізде 244 радио­телевизиялық станса іске қосылмақ. «Цифрлы Қазақстан» тек бір ғана IT саласын емес, қоғамдағы өзге де салаларды дамытуға бағытталған. Бағдарлама ІЖӨ-дегі IT-секторының үлесін 2020 жылға дейін 5 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. IT-секторында 150 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Еңбек өнімділігі 37 пайызға жеткізіледі. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру да басты міндет, ол 85 пайызға дейін жеткізілетін болады. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзе­ге асыруда 4 бағыт бар. Бірінші бағыт – ауыл-аймақты кең жолақты интер­нетпен қам­­та­­масыз етіп, Қазақ­стан­ның транзиттік әлеуе­­тін арттыру. Екін­ші бағыт – эконо­мика­­­ның салаларына (көлік және логис­тика, ден­­­сау­лық сақтау, білім беру, ауыл шаруа­шы­­лы­­ғы және электронды сауда) цифрлы тех­­­но­ло­гияны ендіру. Үшіншісі – мемлекет­тік ор­­ган­дар жұмысының сапасын арттыру және төр­тін­ші бағыт – IT-мамандарды даярлау. Цифрлы технологияның халқымыздың жар­тысы ауылда тұрып, сол жерде нәпақа­сын айырып отырған ауыл шаруа­шы­лығы саласына да берері көп. Әлем­ге бел­гілі «Microsoft» компаниясының қожа­­йы­ны Билл Гейтс ойлап тапқан «Оракул» деген компьютерлік бағдарлама ауылшаруашылық жерлерінің хал-ахуалын санаулы ғана уақыт ішінде талдаудан өткізіп, қандай жағдайда екенін айтып бере алады. Дәл қазір Қазақстанда егістік пен жайы­лымның көбі жекенің қолында және пайдаланылмай жатқаны белгілі. Ал аталған бағдарлама сол жер иелері­нің кім екенін, жерді қанша уақыттан бері пайдаланбай жатқанын анықтай алады. Демек, «Цифрлы Қазақстан» бағдар­ла­ма­сы аясында Билл Гейтстің «Оракулы» да елімізде кең қолданысқа енуі әбден мүмкін. Цифрлы технология бұдан бөлек денсау­лық сақтау және білім беру сала­ларын­да да қол­даныста. Биыл оны жетіл­діру мақ­са­тын­да Қазақ­стан мектеп­терінде электрон­ды күн­делік қолданысқа енгізіл­мек. Соны­мен қатар, педагогтар да атқарған жұмыс­та­ры­ның есебі мен жос­парларын қағаз кү­йін­де емес, электронды үлгіде тапсыра алады. Жалпы, мұның бәрі халықтың бақуатты өмір сүруі үшін жасалып жатқан шаралар екенін түсінуіміз қажет. Тұрғындардың әл-ауқаты артып, еңсесі тік көтерілгенде ғана Қазақстан дамыған өркениетті елдердің қатарына, яғни алдыңғы «отыздыққа» қосыла алады. Ал, бұл мақсатқа жету үшін еліміз Үшінші жаңғыруды еңсеруі тиіс. Алдағы кезде замана көшінен қалғы­­сы келмеген әрбір азамат, маман­дар, ғалым­дар мен студенттер ұялы байла­ныс, теле­коммуникация, сандық ТВ, кең­жолақ­ты  интернет, ақпараттық техноло­гиялар, Е-үкі­мет, Е-сауда, интерактивті жарнама және әлеу­меттік медиа саласындағы өзекті тақы­­рыптардан тыс қалуына болмайды. Мырзагелді КЕМЕЛ, экономика ғылымдарының докторы