• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2017

Түркістанды жаңғырту – рухты ояту

364 рет
көрсетілді

– дейді экономика ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Оразалы СӘБДЕН – «Ең керемет идеялар дағ­да­рыс кезінде туады» дейтін тә­м­сілмен бұрыннан таныс едік, сірә, дағдарыс кезінде дара мүм­кін­діктердің көзі ашылатыны рас болса керек. Дамыл таппай­тын әдетіңізге салып сіздің ав­то­р­лығыңызбен «Ұлы Жібек жо­лындағы «Түркістан өңірі» ру­хани-жаңа технологиялық клас­тері» деген өте ауқымды жо­ба дүниеге келіп отыр екен. Идея қалай туды? – Бүгінде «адам үшін де, әлем үшін де ең қымбат, ең тапшы не?» деген сауалға жауап іздемеген адам кемде-кем шығар. Бұл сұ­рақ­­тың әлемдік экономиканың же­тек­ші мемлекеттерінен бастап «үшін­ші әлем» елдеріне дейін тегіс тол­ған­ды­ратыны анық. Жаһандану зама­нын­да жұтылып кетпеуді ойлап жүр­генде, дағдарыс келіп, бүкіл адам­зат жанталаса дамудың жаңа жо­лын табудың қамына кірісіп жа­тыр. Азуын айға білеген елден бас­тап, алдамшы үміттің жетегінде үміт­ін үзбей келе жатқан дамушы ел­дерге дейін керегі не нәрсе? Идея! Экономист ретінде айтайын, инвестиция идеяға келеді, ин­тег­­ра­циялық даму тек сонда ға­на өріс алады. Дүние жүзінде мил­лиард­та­ған дол­лар ақша айна­лымда жүр. Бі­рақ дағ­дарыстан шы­ғаратын нақ­ты жо­балар жоқ. Осы­дан кейін мен мы­нандай қор­ытын­дыға келдім: әлем­­дік пси­хо­логияны өзгертетін, ру­хани құн­дылықтарды қайта жаң­ғы­р­­та­тын, адамзатты өз үйінде тәр­тіп­­ке шақыратын уақыт келді. Хош, сонымен ұзақ уақыттық тол­ғаныстан кейін «Жаңа Түркі­с­тан» жобасы пісіп-жетілді. Алғаш дағ­дарыс туғанда, ақылды бастың бә­рі әлем жұртына: «жауабын Маркс­тен табасыздар» деп жар сал­ды. Дүниежүзілік дағдарыстың пайда болуы мен одан шығудың жол­дарын көрсетіп, қаржылық қиын­д­ықты жеңуді егжей-тег­жей­лі түсіндірген бірден-бір данышпан Маркс экономистің ілімі әлі де өзекті. Осыны түсінген неміс хал­қы 2006 жылдан бастап 2011 жыл­ға дейін Маркстің еңбектерін миллиондаған тиражбен қайта ба­с­­­- тырып шығарып, мемлекет атау­лы­ның бәріне ұсынып қана қой­май, одан мөлдектетіп пайда да тап­ты. Идея авторы ретінде мен Маркс мысалынан да сәл әрірек ке­тіп, «дағдарыс неден туды?» деген сұраққа өзімше жауап іздедім. Тап­қандай болдым. Абайды анық­тап оқыған адам оның «толық адам болу үшін дүниенің көзге кө­рін­ген сыры мен көрінбеген сы­рын бірдей біліп, меңгеруі керек» деген ғажап ойының сырына бой­лар еді. Абай айтып отырған «дү­ниенің көрінген сыры», ол – ма­те­риал­дық әлем, яғни, үй, жалақы, бай­лық секілді әлеуметтік тұрмыс қа­жеттіліктерінен туындайды. Мұ­ны шетелдіктер бізге қарағанда ар­­тығымен игерді. G8, G20 тобындағы мем­ле­­­кеттердің басқаруындағы транс­ұлт­­тық компаниялар дүние жүзі бай­­лығының 60 пайызын қолында ұс­­тап отыр. Бұлар бізді қайда бас­тап алып бара жатыр, түбіне бой­ла­дық па? Абайдың «дүниенің көрінбеген сыры» дегеніне келейік, ол – рухани құн­дылық еді. Біздің тылсым сырға толы рухани әлімізді меңзеп отыр. Ең өкініштісі, жан ғы­лымы айналы­сатын «дүниенің кө­рін­бейтін» жағына қарағанда, дү­ние­нің «көрінетін жағы» күштірек бо­лып шықты: тән ғылымы кө­бі­рек қызықтырып, нәпсілік жол­ға ұрынып, дүниеқоңыздыққа са­­­лы­нып, кісілік қасиеттерді, адам капиталы, мәдениет, тарихи құн­дылық, керек болса, мора­ль, міне, осы ізгіліктің бәрі да­л­а­да қал­ды. Материалдық құн­ды­­лық­ты бәрінен биік қойған да­­­мы­ғ­ан мем­лекеттердегі са­на дағ­­да­ры­сы­ның соңы эко­но­ми­ка­­лық дағ­д­а­рыс­қа алып келді. Қа­зір­гі қаржы дағ­­дарысы адамды эко­номикалық жа­­­ғынан ғана емес, өз болмысы ал­дында өзін дә­р­мен­сіз етіп, нені құн­дылық санап, нені қар­манарын біл­мей дағдартып отыр. Қазір әлем астан-кестен, атом, химиялық, биологиялық, су­тегі қа­руын жасап, бір-бірімен бә­се­кеге түсіп, жанталасуда. Бір со­ғыс­­тың өрті басылмай жатып, екін­­­шісі тұтанады, ымырасыз мү­дд­е­лердің жанталаса қаруланып, ж­а­­ңа қайшылықты ойлап табуына әлем халқының еті де үйреніп ба­­ра жатқандай. Осының түп-та­мы­ры рухани қасиеттердің азып-тоз­ғанынан, қоғамды ізгі­лен­ді­ру­­дің ұмытылғанынан екен­ді­гін­де еш күмән жоқ. Міне, «Жаңа Түр­кістан» идеясы да осы кезде туып отыр. Ұлы Абайдың әлем­дік дә­ре­же­дегі рухани шыңға кө­те­рі­луі, оның өз халқының сан ға­с­ыр­лық ұлт­тық құндылықтарын те­­рең иге­руінің, Батыс пен Шы­ғыс­тың озық мәдениетін бойы­на сіңіре, үй­лестіре білуінің арқасында ғана мүм­кін болғаны белгілі. – Мұндай идеяны жасақтауда ұл­ты­мыздың арғы-бергі тарихы, жү­­ріп өткен жолы, өркениеті, мә­де­­ниеті тұтас ескерілуі тиіс. Әзір­ге туындау сатысында тұрған сіз­­дің идеяңызды ұлтымыздың өт­­кен бай тарихын кәдеге жара­ту­­дың қарлығаш жобасы делік. Сон­да бұл идеяның темірқазығы ре­тінде нені негізге алып отырсыз? – Бұл жобаны жасау үшін мен дүние жүзінің тарихына, оның ішінде Қытайдың 5 мың жылдық тарихына, өз тарихымызға, Азия және Еуропаның даму тарихына қайы­ра бір шолу жасадым. Қа­зір­гі жаһандану үдерісіндегі жа­ңа­лық­тарды, Американың «Се­ликон жа­зығын», Нобель сыйлығын иелен­ген жұмыстар тегіс қаралды. О баста тарих-тағдыр бізге екі мүм­кіндік берген еді. Біріншісін біз пайдалана алмадық. Қолдан жі­беріп алған ол мүмкіндіктің төр­кіні мынау: бұдан 1000-1500 жыл бұрын біздің Шығыс елдері да­мудың шырқау биігінде болды. Өркениет Шығыстан тарады. Медицина да, математика да, сәу­лет те, әдебиет те, ғылым да Шы­ғыс­та болды. Ал бұл кезде Еу­ро­па артта қалған еді. Соғыс пен бү­л­іктен көз ашпады. Бірақ біз ол мүм­­кіндікті ұстап қала алмадық. Дін келді. Бірақ дін ғылымды да­мы­туға тікелей мұрындық бола ал­мады. Біз дін мәзхабтарының айналасында жүргенімізде, Еуропа ала­пат жылдамдықпен алға шы­ғып кетті. Кейінгі бес ғасыр – Еу­ро­паның дәуірлеп тұрған шағы. Шы­ғыс өркениетінен жеткен жаңа­лық­тарды алып, жылу машинасын жасап, теңіз көлігін, зауыт-фабри­ка­лар салып, өндірісті дамытты. Бір ғана Ұлыбританияның қа­лай да­мығанын Лондон олим­пиа­­д­а­сы ашылғанда көрдік. Түсі­не­­мін, Еуропаға Фарадей, Эди­сон, Эйнштейн, Ньютон, Ге­ге­ль, Рикардо, Маркс келді. Өн­­ді­ріс­тік ре­волюция жасалды. Шы­­­ғыс ғұ­ла­маларының ашқан жа­ңа­лық­та­рын олар әрі қарай дамытып алып кет­ті. Қазір Еуропа бізге үй­ретуде. Менің идеямның кіндігі осы екінші мүмкіндікке байлаулы. – Қалай? Жалпы, бұл идея қол­дау тапқан ба, тапса, кім­дер­дің тарапынан? – Өткен – өтті. Өткенге өкін­бей, «екі дүние бесігі» болған Түр­кіс­танды қайта жаңғыртуды бү­гін қолға алсақ та, кеш емес. Ал «қалай жаңғыртамыз?» деген сұрақ көлденең қойылса, оған жау­ап ретінде ата-бабамыздың біз­ге қалдырған мұрасы мен Ұлы Жібек жолын, Түркістанды алып отырмын. Қазақ халқының бой­ын­­дағы тектілік, қан тазалығы, ға­л­ымдардың зерттеуі бойынша, интел­лектуалдық әлеуеті жоғары ұр­пақтың қалыптасуына әсер етеді екен. Демек, ұлттық генеқорымыз да табиғи байл­ық­тарымыз секілді біздің үлкен басымдықтарымыздың бірі. Алдымыздағы негізгі міндет – өркениетті елдердің қатарына қосылу. ХХІ ғасыр руханият ғасыры болады. Ежелгі Түркістан байырғы рухани орталық ретінде Ұлы Жібек жолында ерекше орын иеленгендігі тарихтан мәлім. Ал, Шығыс өркениетінің жаңғырығы болып қалған Жібек жолы бойының аса ірі сауда және мәдениет орта­лы­ғы болған Түркістан қазақ же­рін­де тұр. Түркістан деген сөздің өзі «түркілер мекені» дегенді біл­ді­реді. Ежелгіні қойғанда, VІ-VІІІ ға­сырлардың өзінде осы өңірде жал­пы Түркі қағанаты, яғни, түр­кі­тілдес халықтар өмір сүрді. Ке­й­ін тарихтың ағымына қарай түр­кітілдес халықтар әр жаққа ша­шырап, жеке-жеке мемлекет бо­лып кетті де, қара шаңырақтың иесі болып, біз, қазақ елі қалдық. Со­ған қарамастан, олар қазақ же­рін­дегі Түркістанды өздерінің ата-бабаларының шыққан тегі, «Ата­жұрт» деп атайды. Түр­кіс­тан­ды рухани астанамыз деп тани­ды. Міне, осы елдердің баршасы «Жаңа Түркістан» идеясын қолд­ап отыр. 2014 жылы Түркістан қа­ла­сын­да осы мәселеге орай арнайы ха­лықаралық конференция өтіп, оған қатысқан елдердің ғалымдары те­гіс қуаттады. Конференция қа­был­да­ған қарар мен ұсыныс Үкіметке жол­данған. Жалпы, бұл жоба жеке кі­тапша болып жарыққа шыққан. – Бәзбіреулер Түркістанды тек қазақ еліндегі көп қаланың бі­рі деп қарастырады. Осы клас­те­рлік жобаңыз арқылы тарихта «ұлы қала» атанған Түркістан ұғы­мын кең ауқымға алып шы­ғу көзделіп отыр-ау, шамасы... – Дәл осылай. Түркістанды бір қа­ланың айналасында емес, шығыс ру­ханиятының айнасы ретінде жалпы кластерлік ұғымда қарастыруды жөн санап отырған себебім де сол. Қала біздің жерімізде тұр, идея біз­де, ендеше, неге оны өз кәдемізге жа­ратпасқа? «Түркістан өңірі» ру­хани және жаңа технологиялық клас­терін құрудағы негізгі мақсат та сол – Түркістанды халықаралық дең­гейдегі рухани орталыққа ай­нал­­дыру, сол арқылы қоғамды із­гі­­лендіруге, халықаралық қауіп­сіз­­дікке қадам жасау. Біз рухани-мә­­дени дамуды алға ұстап, соны­мен қатар, 6-шы жаңа жоғары тех­но­логияны үйлестіріп, осы екеуін іс-жүзінде бірге, бір үдеріс ретінде жүр­гізгенде ғана жаңаша дами ала­мыз. Бірақ бұл идеяның да ойлантатын тұсы бар. Егер Түркістанды тек рухани азық жасаймыз десек, ол аздық етеді. Дағдарыс әлі жал­ға­сады. Оның себебі де жоқ емес. Қа­зір дамыған G8 мемлекеттері ал­тын­шы технологиялық жүйені же­тіл­діруде, олар: нанотехнология, био­технология, ғарыш технологиясы, ген инженериясы, ақпараттық-ком­муникативтік технология, міне, осыны дамытуға барынша күш салып жатыр. Егер руханият пен дінді ғана құндылық деп танып, технологияны тасада қалдырсақ, даму көшіне тағы да ілесе алмасы­мыз анық. «Селикон жа­зығын» мысалға келтірсем, артық болмас. Бүкіл дүние жүзінің сай­дың тасындай іріктелген даныш­пан ға­лым­да­рының бәрі сол жерде тізіліп отыр. Әлемнің алға жылжуы үшін бірі­нен-бірі асырып, жаңалықтар ой­лап тауып, дамытып отырған сол орталық, бірақ күндіз қолыңа шы­рақ алып іздесең де, ол жерден руханиятты таппайсың. Ал руханиятсыз мұның бәрі бекер. Озық технологиямен біраз жерге ша­рық­тап баруға болады, алайда, руха­ният­сыз баянды етіп ұстап тұру мүм­кін емес. – Дүниежүзілік тәжірибе клас­­терлік жүйемен дамудың тиім­ді екенін көрсетіп отыр. Сіз­дің де жобаңыз кластерге не­гіз­де­л­геніне қарағанда, талаптар мүд­делес, өзара тізбектелген тә­­сілмен бір-бірімен тығыз бай­­ла­нысты қызмет атқара ма? Клас­терлер туралы тарата айт­са­ңыз... – Бұл жобада алты кластер бар. Атап айтайын: біріншісі – адами ка­питал негізінде тұрғызылған ру­хани кластер, екіншісі – тех­но­ло­гиялық кластер, үшіншісі – ту- ри­зм, төртіншісі – логистикалық, бе­­сіншісі – инфрақұрылым, алтын­шы­сы – жаңа ауыл кластері. Міне, ал­ты кластер – алты жоба. Менің бар арманым – осы кластерлер ар­қылы Түркістанды рухани жаң­ғыр­ту орталығына айналдыру. Әңгімемізді рухани кластерден бас­тайық. Түркістан қаласын басқа ша­һар­ларды айтпағанда, іргесінде тұр­ғ­ан Бұқара, Самарқандағы Регис­тан сияқты, сонау Тәж-Ма­хал­­дай ескі сәулет өнері үлгі­сі­­м­ен салуды бастау керек. Көне н­а­­қыштағы қала кез келген ту­рис­тің де көңілін аударады. «Жаңа Түр­­кістан» орталығын салуға Тұ­­­ран даласына атажұрт деп қа­рап, түрік, өзбек, әзербайжан, түр­­кімен, қырғыз, татар, тағы бас­­қа елдер және жалпы ислам әле­­мі деп танылған араб, иран, мы­­­сырлық мемлекеттер өз кө­ме­­­гін берер деген үміт бар. Олар өз­­дерінің тарихи атажұртында өз ұлты­ның нақышымен ғажап ес­кер­­ткіштер, зәулім ғимараттар са­лу­дан қашқақтамауы керек. Киелі Түр­кістан жерінде мұсылман хал­қының терең тарихын көз алды­мыз­да бейнелейтін біздің ұлы та­ри­хи тұлғаларға, мемлекет, қо­ғам қай­раткерлеріне пантеондар, ес­кер­­ткіш, кесенелер қойылуы тиіс. Біз­дің ойымыз, осы Түркістанды іс жүзінде рухани астанаға, мә­де­ни, ғылыми орталыққа айналды­ра оты­рып, ХХІ ғасырдың та­ла­­­бына сай Президенттің Еу­ра­­зия­­лық ин­теграциялық идея­сы­мен тамыр­ластыра дамыту бол­мақ. Ол үшін: 1) Парламентте «Жа­ңа Түркістан – Рухани астана» ту­ра­лы заң қабылдануы керек; 2) Түр­кістан өңіріне «еркін эко­но­ми­калық аймақ» мәртебесін бе­ру керек; 3) Түркістан аймағын 5 жылға дейін салықтан босату қажет; 4) Халықаралық Дін ака­­демиясын ашып, дінтану ор­та­лығы құрылса, ол қоғамды із­гілендіруге өлшеусіз үлес қосар еді; 5)Қоғамды ізгілендіру тура­лы «Ғылым орталығын» ашу. Қо­ғам­­дық ғылымдар академиясын ашу. Мәдениет университетін ашу. Жаңа Моральдық кодекс қа­был­­дау; 6) Көне тарихтан бастап, бү­­гін­гі күнге дейінгі дәуірлерді қам­титын «Тарих қазынасы» атты мұ­­ражай ашу. Технологиялық кластерге ке­лейік. Бізде халық саны аз, ал аз елге озық технология керек. Түр­­­кістанға таяқ тас­там жер­де Ке­­­ңес Одағының ең үл­гі­л­і қа­ла­­ла­­рының бірі болған Кен­­тау тұр. Осы Кентауда 6-тех­но­ло­гия­лық жүйелі жаңа зауыттар са­лу ке­­рек. Қаланың адам жә­не өн­ді­­рістік әлеуетін пайдала­на оты­­рып, ондағы экскаватор, тран­с­ф­о­р­­матор зауыттарын, «Ащы­сай­по­лиметалл» АҚ және басқа да зау­ыт­тардың өндіріс күшін мо­дер­­­низациялау қажет. Қаланың ас­тын­­­да мол уран қоймасы бар. Ал уран бойынша дүние жүзіндегі ең ал­­дыңғы орындамыз. Қыр астында Байқоңыр тұр. Жаңа бағыттағы жо­ғары технологиялық мамандар дая­рлау орталығын және ядросыз қауіпсіз «Байқоңыр-Семей» пар­­кі салынса, бұл қалаларды ин­вес­­тициялық жоба ретінде тех­но­ло­гиялық жағынан игеруді Ресей мен Қытайдың өзі-ақ қолға алған бо­лар еді. Жаңа үлгідегі «Ауыл кластерін» жа­сау қажеттігі – уақыт талабы. Ол «ХХІ ғасырдағы қазақ ауылының си­паты қалай болуы керек?» деген мәселеге нақты жауап болмақ. Кен­т­ау мен Түркістанның арасы – 40 шақырым. Осы ортаға ауыл клас­терін жасауға әбден болады. Егі­ні бар, жеміс-жидегі, еті, сүті, құс­ы бар, мыңдаған шағын кәсіпті да­мы­­туға сұранып тұрған жер. Бұған жер­­гілікті тұрғындардың табиғи ын­­тасының өзі бейім. Бұл клас­тер бой­ынша жаңа жұмыс орында­ры ашылады, елді мекендегі ха­лық тұрақтандырылады, ал ол де­­­мографияға да сөзсіз ықпалын ти­гізеді. Төртіншісі, туризм кластері. Ту­ризм дегенде тек Түркістанды ға­н­а елестетудің қажеті жоқ. «Түр­кіс­­­тандық туризмге» 362 әулиелі Маң­­ғыстау да, ашық аспан астында жатқан шығыстағы Берел де, Кө­­лсай мен Шарын да, Бурабай да кіреді. Яғни, мұның аумағы бү­­­кіл Қазақстан және Орталық Ази­я­ны қамтитын болады. Бұл, бір жа­ғы, моноқалаларды дамыту бағ­дар­ла­масын іске асыруға мол мүм­кін­дік берер еді. Ал Жібек жолы транспортты-л­о­гистикалық кластер шағын инно­вациялық бизнес орталығы, тех­­нополис, технологиялық колледж және тағы басқа инфра­құ­ры­­л­ымдарды қамтиды. Батыс Қы­тай – Батыс Еуропа жолында Түр­кіс­тан арқылы барлық Орталық Азия мем­лекеттерінің көлік-жүгі өтеді. Жо­б­а бойынша, ірі халықаралық хаб жасалса, 30 пайыздан артық та­быс тек логистикадан түседі екен. Сайып келгенде, бұл идея іс­ке асса, жоба жұмысына 400 млн ха­лық қатысар еді. – Кешіріңіз, 400 млн адам арсеналын қайдан алып отырсыз? – Қазақстан мен Орталық Азия хал­қы, қарадүрсін есеппен ал­ған­да, 70-80 млн, Қытайдың баты­сы, Ауғанстан мен Пәкістан, Иран, Ирак, Түркия, бұлардың бә­рі «Үлкен Азия» елдері. Тегі – мұ­сыл­ман, тұрағы – Шығыс. Шын қы­зы­ғушылық танытса, бәрі де «Түр­кіс­тан идеясымен» қуана, құлшына ай­на­лысар еді. Бұл жоба үлкен ай­мақтың мәселесін түбегейлі ше­шу арқылы әлемге жаңа рухани-тех­но­ло­­гиялық даму жолымен адамзат­ты­ өркениетті дамытуға болатынын көрсете алады. Әр жобамды, осы жобадағы әр кластердің құ­нын құ­рылыс институттарымен бір­ге есептеп шығарып та қойдым. Мұ­сыл­ман халқы бүгінде 1 млрд 300 млн, 2020 жылы 1,8 млрд адамға же­теді екен. Бұл дегеніміз – бүкіл әлем халқы санының 25 пайызы. Осы халықтың басын біріктіріп, бір­лікте ұстайтын рухани тегершігі мық­ты идея оларға да қажет. Мен де­­ген Еуроодақтың өзінде бар бол­ға­ны 500 млн халық тұрады. – Түркістанды рухани орта­лық­қа айналдыру жобасы жүзеге ас­са, бұл идея қазақ халқының мәр­­тебесін көтерумен қатар, түр­­кі жұртын, бүкіл Ислам әле­мін біріктіретін бір рухани өр­ке­ниет­ті орталыққа айналар тү­­рі бар. Бұл мәселені тиімді ше­шу­дің тетігі қайда деп ойлайсыз? – Әрине, дағдарыстың екінші тол­қыны кезінде осындай қуатты жо­баны қаржыландыру туралы сұ­рақ тууы заңды. Экономист ре­тін­де, мені де кез келген жобаның нарықтық тиімділігі қызықтырады. 6 кластер бойынша «құрылыстық сниппен» құрылыс институты қар­жылық экономикалық есебін жа­сап қойғанын жоғарыда айттым. Біріншіден, заң бойынша кө­з­­делетін мемлекеттік, рес­пуб­ли­калық, жергілікті бюджет қара­жа­­ты. Қазіргі 100 млрд $-ға жеткен Ұлттық қордан келешек үшін қа­ра­жат бөлу. Екіншіден, түркі әлемі­нің кіндік қаласы ретінде Түр­кістанды қайта өркендетіп, ру­хани астанаға айналдыру мақ­са­тын­да «Халықаралық қор» құру да бұл іске көп демеу болмақ. Үшін­ші, инновациялық, жаңа тех­нологиялық жобаларға шет ел и­нвестициялары тартылады. Төр­тін­ші, бұл шараға Ислам елдері ат­салысады деген үміт зор. Бұрын Пар­ламент төрағасы болған, бүгінгі Қыр­ғ­ыз Ғылым академиясының пре­з­иденті Абдығани Эркебаевпен өз ойымды бөліскенімде, ол: «бұл ға­жап идея екен, егер бұл жоба қол­ға алынар болса, Түркістанда Манастың пантеонын салып берер едік» деп отыр. Өзбек көршілеріміз де Ұлықбек пен Ақсақ Темірдің, түр­кі­м­ен жұрты Қорқыттың пантео­нын салып беруге әзір. «Қаржы қайдан?» деп қиналатын түгі жоқ, идея­ны іліп түсіп, іске асыратын күш табылса, өз имиджі үшін күл­лі түркі жұрты да, өз еліміздегі об­лыстар да асарлата кірісіп, кө­мек қолын созады деп ойлаймыз. Көк­шетау­лықтар Абылай ханның, маң­ғыстаулықтар 362 әулиенің пан­теон-белгітас, ескерткіштерін са­луға қуана келісетін болар? Со­ның нәтижесінде халқымыздың та­ри­хи белестердегі ерлік істері, ұлт­тық тәуелсіздігі үшін күресінің тұ­тас картинасы жасалады. Заңды жә­­не жеке тұлғалар да жобаны қар­жыландыруға тартылады. Елі­міз­де бай-қуатты азаматтар же­тер­лік, жерге қаратпас! Егер елімізде осы жобаға қа­тыс­ты саяси оң шешім қабылданса, бұл жобаны қаржыландырудың қо­сымша көздерін табуға болатын еді. Жалпы, жобаның құны 8 млрд дол­лардан асады. Әрине, әзірге жо­баның жорамал есебі ғана, бұл әлі толықтырылып, нақтыланады. – Көптің көкейінде «ЭКСПО біт­кен соң не жасаймыз?» деген сұрақ­тың бүлкілдеп тұратыны рас, сіздің идеяңыз ЭКСПО-ны сабақтастыра жалғап кете­тін жобаға ұқсауымен назар аудартады. Түркі елдерін жо­ғары дең­г­ейдегі интеграцияға же­те­лей­тін идеяңызды көпшіліктің қол­дайтынына сенімдісіз бе? – Жоба маған емес, ең алдымен, еліміздің келешегі үшін керек. «Түркістанды рухани астанаға ай­налдыру» жобасы жүзеге ас­қан жағдайда, бұл Еуразиялық тұ­та­стықты қамтитын қозғаушы күш­тің біріне айналарына шек кел­тірмеймін. «Жаңа Түркістан» р­ухани орталық ретінде дамыса, мәдени-рухани маңызы бар дү­ние­ні қалт жібермей, қадағалап, қам­қорлығына алатын БҰҰ-ның, ЮНЕСКО-ның тікелей назарында бо­луы тиіс. Осылайша, Қазақстан дү­ниежүзілік өркениетке өз үле­сін қосуға зор мүмкіндік алады. Қазақстан ең бай ураны бар, ға­­рыш орталығы бар әл-қуа­ты күш­ті ел болса да, ол өзі­нің яд­ро­­сыз да­митын зайырлы, бей­­біт­шілікті сүйе­тін мемлекет еке­нін дүние жүз­іне көрсете алады. Сө­зім­ді ағыл­шын ғалымы әрі сая­сат­кері Х.Маккиндердің сө­зі­мен түйін­де­сем: «Еуразияны ба­қы­­ла­ған ел – бү­кіл дүниежүзін де бақылайды». Құ­дай осыған жет­кіз­сін! Халықаралық деңгейде «Жаңа Түркістан» Батыс пен Шығысты біріктіретін, арасына алтын көпір салып интеграциялайтын Ұлы Жібек жолы әлемінің әлеуеттік мүм­кіндіктерін көрсететін ғасыр­лық рухани орталыққа айналаты­нына сенемін. Ең негізгісі, қазақ қау­ымы адамзат қоғамының то­лық­қанды мүшесі ретінде ал­ға қа­рай еркін жылжуға мол мүм­кін­дік ала­ды. Шығыстың қайта оянатын кез­і келді. Біз Түркістанға қайта ора­ламыз. Түркістанды қайта түле­тіп, рухани астанаға айналдыру үшін ЭКСПО-2017 өткеннен соң осы жобаға кіріскеніміз жөн. Дәл қа­зір елдің бірлігін, ұлт пен ұлыс­тың басын қосатын, әр отбасын оя­та­тын ұлттық идеялардың көп бол­ғаны қажет-ақ. Шынымды айтсам, «Жаңа Түркістан» идеясына бай­ланысты көптің пікірін білгім ке­леді. Жүрекжарды жобамды ха­лық­тың назарына, талқысына сала оты­рып, толықтырар қосымша ой-көз­қарас күтетінімді де жасырмай­мын. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»