• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2017

Сырт көз – сыншы

168 рет
көрсетілді

Жарқын болашақ бағдары

Әлем жедел өзгеруде. Сәт сайын қоғам анағұрлым күр­делене түсуде. Күн сайын жаңа сын-қатер туындап, олар жарқын болашақ құру үшін қызметтің мүлде түрлі салаларына жататын адамдардың бір­лескен күш-жігерлерін талап етуде. Ол болашақ жаңа буын мақ­­­таныш тұтатындай тұрғы­да болуы тиіс. Қазіргі уақытта Қа­зақ­­­стан Республикасында дәл сон­дай жаңғырулар жүзеге асуда. Тәуелсіздігінің 25 жылы ішін­де Қазақстан Респуб­ли­ка­сы елдің Орталық Азия­дағы өңір­лік держава ретінде көрініс табуы­на өз үлестерін қосқан халық­тың бірлескен күш-жігері­нің арқасында жедел дами оты­рып, үлгілі мемлекетке ай­налды. Биылғы жыл Қазақ­стан халқы үшін жаңа дәуір­дің бастауы ретін­де ерекшелен­бек. Бұл ха­лық­аралық қоғам­дас­тық меди­цинадағы, инже­нер­лік істегі және биология ғылы­мын­дағы адам тұр­мысының сапа­сын жақ­сартатын соңғы жетіс­тік­терінің куәгеріне айналатын дәуір болмақ. Осылайша, үкі­­­мет­тік деңгейде тари­хи өз­геріс­тер орын алмақ. Үкі­­мет пен мемлекеттік меке­мелер Пре­зидентпен ха­лық­ара­лық сая­сатқа, ұлттық қауіпсіздік пен қор­­ғанысқа «Қазақстан-2050» стра­­тегиясының бөлігі ретін­де айрықша көңіл бөле оты­рып, сондай-ақ, түрлі этнос­тық топтардың бірлігін, эко­но­микалық өсім мен бей­біт­шілікті сақтауға ықпал ете отырып, тығыз бірлестікте қызмет атқармақ. Елде жүзеге асырылып жатқан конс­ти­туциялық реформалар да дәл осы мақсаттарды көздейді. Қазақстан мен Мексика ха­лық­тарының мәдениет­те, білім беру мен инновация­лық жоба­ларда бір-бірінен көп­теген нәр­се­лер­ді үй­ренуі­не болады. Мек­си­ка­ның Қа­зақ­стан Республи­ка­сы­ның Латын Америкасын­дағы шешу­ші әріптесі болу үшін айтар­лық­тай әлеуеті бар. Екі ел аза­мат­тары бір-бірінің салт-дәстүр­лерімен, тарихымен және туристік бағыттарымен жа­қын танысу үшін мәдени іс-шара­лар ұйымдастыру екіжақ­ты қызметтестікте алғашқы қадам болар еді. Мемлекеттік уни­верситеттер арасында сту­дент­тер алмасу және өнер­кәсіп секторын нығайту үшін бір­лескен зерттеу жобаларын әзірлеу де елдер арасын жа­қын­дастыра түспек. Менің арманым – бола­шақ­та Қазақстан Үкіметі­мен, Қазақ­стан Республикасы­­ның Мехи­кодағы елшілігімен, ғы­лыми мекемелермен және бола­шақ­та Мексика Құрама Штат­тары­ның Астана­дағы елші­лігі­мен әріптестікте болатын білік­­ті мексикалық маман­дар қоғам­­дастығын құру. Серіктестіктің мұндай бас­тауы біз­дің ел­деріміздің өр­кен­деуіне жа­ғ­дай туғызады деп ойлаймын. Сандра РЕАЛЬ, Мексиканың Ұлттық автономиялық университетінің бакалавры Мехико

Жаңғырулардың жаңа кезеңі

Қазақстан 25 жылдық тәуел­сіз дамуынан кейін қа­зір­гі заманғы сатыда Пре­зи­денттің өкі­леттіктерінің бір бөлігін Үкі­мет пен Пар­ла­ментке беріп, олар­­дың рөлін күшейту ар­қылы де­мо­кра­тиялық жаңғыру­лар­­­­дың жаңа кезеңіне шық­ты. Қазақ­­­стан Республикасы­ның Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл кемеңгер шешімі Үкімет жұмы­сының тиім­ділігін арттыруға, қоғам­дағы келісімді нығайтуға жағ­дай жасайтын болады. Қазақстанның шетелдік инвестициялар үшін Орта­лық Азиядағы неғұрлым тар­тымды ел болып табылатыны баршаға мәлім. «Астана» халықаралық қаржы орта­лығы құрылмақ. Қазақ­стан­ның таяу болашақта әлем­дегі ең дамыған отыз елдің қатары­на енетініне сенімім мол. Қазақстан басшылығы­ның әлемнің көптеген дамы­ған ел­дерінде қабылдан­ған саяси жүйені демократия­лық нормаларға сәйкес реформалау туралы шешімі ең бір жоғары бағаға лайық прогресшіл қадам болып табылады. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте табысты шаралар қабылдап және сот жүйесін жетілдіріп жатқаны көпшілікке мәлім. Мен Қазақстан басшы­сы­ның демократиялық даму­ға, әл-ауқатты арттыру мен эконо­микалық өсімге бағыттал­ған Жолдауы ауған халқы үшін үлгі болады деп ойлаймын. Мұхаммад Махди НУРИ, «Ufoq News» халықаралық ақпарат агенттігінің басшысы

Ел ертеңіне сенеміз

Менің Чех Республика­сының астанасы Прага қаласында оқып жүргеніме шамамен 4 жыл болды. Чех Республикасының мем­ле­кеттік құрылымы – пар­ла­мент­тік республика. Мем­­ле­кеттік тілі – чех тілі. Қазір­гі таңда Чехияда өте сапа­лы жоғары білім беру­де. Чехия­ның көпте­ген мем­лекет­тік уни­вер­си­тет­теріне ақысыз-пұл­сыз барлық тілек біл­діру­ші­лер түсе алады, ол үшін мем­ле­кеттік емтихандар тап­сы­рып, чех тілін білу қажет. Халықаралық, экономи­ка­лық және де саяси қаты­настары жа­ғы­нан қарасақ, Қазақстан Рес­пуб­ликасы және Чех Рес­публи­ка­сы арасындағы саяси сұхбаттар қалыпты дамуда. Екі мем­ле­кет жаһандану және ай­мақ­тық деңгейде қауіпсіздік пен бей­біт­шілікті нығайту, Еуропа одағы мен Орта­лық Азия мемлекет­тері ара­сын­да­ғы эконо­ми­ка­лық және гу­ма­­ни­тар­лық салада тығыз қа­рым-қат­ынас орнату мәселелері жөні­­­нен ортақ көзқараста. Чехия­ның ша­руа­­шылығында сырт­қы эко­­номикалық байланыстар­дың ауқы­мы өте кең. Елдің басты сауда әріп­­тес­тері – көр­ші­лес елдер, яғни Гер­­­ма­­ния, Словакия, Австрия жә­не Ре­сей. Сыртқа шығаратын өнім­­д­ері арасында машиналар мен жа­б­­дық­тар және халық тұты­натын өне­р­кәсіп тауар­лары басымдыққа ие. Бүгінде Чехияда оқып жүрген қазақ жастары өте көп. Қазақстан Республи­касы елшілігі жанында «Тарлан» Чехиядағы жас­тар қауым­дастығы бар. «Тарлан» тек қана қауымдастық емес, сонымен қатар достармен бірге өт­кізілген қуанышты күн­дер, ән-би кештері, спорт­тық шаралар – барлығы да сту­денттік өмірдің бір ны­ша­ны. Негізгі ой – қазақ жас­тары­ның басын біріктіру. «Біз жастарға сенеміз», деп Ма­ғ­жан Жұмабаев айтқандай, ел бола­­шағы жастардың қолында. Елбасымыз жариялаған стра­тегиялық реформа елі­міз­дің одан әрі дамуына, ха­лық­тың тұрмысы мен эко­но­микасының көркеюіне септе­серіне сенімдімін. Біз, жастар, өз еліміздегі осындай өзгерістер арқы­­лы жаңа белес­терге жететіні­міз­ге және де аз уақыт ішінде дамы­ған мем­лекеттер қатары­на қосы­л­аты­нымызға сенім артамыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айт­қан­­дай, бұл қиял емес. «2030 стра­тегиясы» да басын­да мүмкін еместей бо­лып көрі­ніп еді. Біз бұл бағдар­ламаны 15 жыл, жарты мер­зім ішінде аяқтадық. Біз «Нұр­лы жол» экономикалық даму бағ­дар­ламасын жүзеге асыру­дамыз. Болашақта да осы бағытта жылжитын боламыз. Маржан ӘДІЛ, Прага қаласындағы Қаржы және басқару университетінің студенті