• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2017

Күй ойнайды қазағымның қанында...

724 рет
көрсетілді

Қайбір күні орталыққа барайын деп автобусқа отырып едім, қап­таған аялдамалардың бірінен дом­бы­­ра құшақтаған жас бала мінді. Дом­бырасының шабадан сияқты екі жерден құлыптанатын сыртқы қа­бы бар. Әрине, аялдама сайын қаншама адам мініп-түсіп жатыр, қайсыбіріне көңіл аударып қарайсың. Бірақ, осы жо­лы автобустағы жолаушылар қақ жа­рылып жол бермесе де ептеп ысы­­ры­лып, әлгі қаршадай баланы жо­ға­ры шығарды. Және байқағаным, жұрт­тың бәрі домбыра ұстаған балаға көз­де­рі­нің қиығымен болса да бір қарап, сүй­сініп отыр. Бұл әрине, ең алдымен қа­зақтың қара домбырасына, өнерге, өнер­паз жанға деген құрмет еді. «Егер дом­бырасы болмағанда осылай болар ма еді?» деген де ойдың жылтың ете қал­ғаны рас. Қасиетіңнен айналайын, қазақ­тың қара домбырасына деген ел­дің құрметі ерекше ғой. Небір тұр­мыс­тық заттардың, әлі де қа­жетіңе жа­­райтын небір жақсы дү­ние­лер­дің қо­қыста жатқанын көз көрді. «Ойпыр­май, обал емес пе?» деп, ешкім ештеңе айт­­қан жоқ. Сол қоқыста бір сынық дом­быраның қисайып жатқанын кө­ріп, бүкіл қазақ шулады. Әлеуметтік же­лі­лерде сол халық аспабын көзі қиып тастаған жанды жерден алып, жер­ге салды. Домбыра десе қазақтың қа­ны қызып, намысы қозады ғой. Қо­қыс­та жатқан қос ішектің хикаясы ар­­қылы қоғамның да кем-кетігі айты­лып, ұлт жанашырлары солығын әрең басты. Ендеше, қалай ойлайсыз, қазір осы­нау халық аспабын үйренемін деу­шілердің қатары мол ма? Астана қа­ласындағы №2 саз мектебінің мұ­ға­лімі Жігер Талғатұлының домбы­ра үйірмесінде 16 бала бар екен. «Осы шаңырақта домбырадан сабақ бе­ретін 20-дан астам мұғалімнің әрқай­сы­сында осыншамадан бала бар. Жұрт музыка өнері жас баланы рухани же­тіл­діретінін жыл өткен сайын тү­сі­ніп ке­леді. Өнерлі бала өзгеше болады. Мы­салы, спорт секциясына қатысатын ба­ланың өзі қатарларына қарағанда, бас­қаша жетіледі. Сол сияқты музыка үйір­месіне келіп жүрген баланың ойлау қабілеті тез дамиды», дейді Жігер Талғатұлы. Домбыраны жас ұрпаққа, әсі­ре­се, қала балаларына насихаттау бағы­тын­да қайбір жылы «Домбыра пати» ша­р­а­сы қолға алынған болатын. Өнерлі, дом­бырашы жастар ән салып, күй шер­тіп, жиналған көпшілікке өнер көр­сетіп, қазақтың ұлттық аспаптарын, соның ішінде домбыраны, ұлттық му­зыканы, ұмытыла бастаған игі дәс­түр­лерді қайтадан сәнге айналдыру жә­не жалпы қазақшылықты насихаттау мақсатында туындаған бұл флеш-моб өз дәрежесінде домбыраның жап-жақсы жарнамасын жасады. – «Мені тәрбиелеген, өсірген дом­бы­ра» деп айтушы еді ағам, – дейді дом­бырашы, күйші Айбек Бекбосын біз­бен әңгімесінде. – Шынында домбыра тартып, терме тыңдап өскен баладан жамандық шықпайды. Досымның баласы жастайынан домбырамен бірге өсті. Қазір ой-өрісі, сөз саптауы ерекше. Домбыра – киелі аспап, киесі жұғады деп айтады, әйтеуір. Соңғы жылдары жұрттың, оның ішінде жас ұрпақтың домбыра үйренуге деген ықыласы артып келеді. Дегенмен де мектептерде арнайы домбыра деген пән ашылып жатса артықтық етпес еді. Әр қазақтың баласы осынау қасиетті аспапты меңгеріп, қыр-сырын түсініп шығатын болса, қанеки... Әрине, ән-күй деген пән бар. Бірақ, ол жалпылама ғана үйретеді ғой. Айтпақшы, осы аптада Ақордада Қазақстанның әйелдер қауымы өкіл­де­рі­мен «Көктем шуағы» атты кездесу ба­рысында Солтүстік Қазақстан облысы «Возвышенко» орта мектебінің директоры Ирина Седова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа домбыра сый­лады. «Қазақтың шаршағанын басатын да, жан сарайын ашатын да қасиетті домбыра. Сіздің домбыраны жақсы тартатыныңызды бәріміз де бі­леміз. Мен сізге 9 пернесіне Қазақ­стан­дағы 9 миллион әйелдің өзі­ңізге де­г­ен ықыласы сыятын домбы­ра сый­лағым келеді» деп ағынан жа­рыл­ған Иринаның сыйын Елбасы қабыл алды. Ал, Атырау облысының әкімі Нұрлан Но­ғаев Махамбет ауданына жұмыс са­пары кезінде жергілікті кәсіпкер Нұр­лыбек Бисенбаевтың өз қолымен жа­саған домбырасын сатып алды. Міне, осындай ақпараттарды оқып, қа­зақтың домбырасына деген қол­дау­­ды көргенде көңілің марқайып қа­­лады. Нағыз қазақпын десеңіз, пер­зен­­тіңіздің домбыра үйренуіне жағдай жа­­саңыз, ал, біреуге сый-құрмет көр­с­ет­кіңіз келсе, домбыра сыйлаңыз, аға­йын. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан»