• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2017

Grand Slam. Қазақстан құрамасы командалық есепте сегізінші орынға тұрақтады

154 рет
көрсетілді

Бакуде халықаралық «Grand Slam» турнирі аяқталды. Бұған Қазақстан атынан 14 дзюдошы қатысты. Нәтижесінде, Ислам Бозбаев (90 кг) жарыстың чемпионы атанса, Қырғызбаев Ғұсман (60 кг), Нышанбаева Севера (57 кг), Бектасқызы Зере (70 кг), Амангелдиева Альбина (78 кг) турнирді бесінші орынмен аяқтады. Ислам Бозбаев (90 кг) алғашқы белдесуінде әзербайжандық Мирзаев Асланнан айласын асырса, келесі жекпе-жегінде Нидерланд дзюдошысы Ван Тенд Неолды жеңді. Жартылай финалда Сафгулиев Туралдың (Әзербайжан) жауырынын жер иіскетті. Ал финалдық кездесуде татами иесі Мехдиев Маммадалимен күш сынасып, жеңіске жетті. Қазақстан ұлттық құрамасы жалпы командалық есепте  31 елдің арасында сегізінші орынға тұрақтады.