• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2017

Қарапайым тұрғындар Үкіметке тікелей сауал жолдай алады

176 рет
көрсетілді

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын белгілеу мәселесіне арналған жиын өткізбек. Жиын барысында журналистермен қатар кез келген азаматтың да әлеуметтік желі арқылы Үкіметке тікелей сауал жолдауына мүмкіндік ұсынылмақ. Министрлер кабинетінің отырысы 14 наурызда өтеді. Шарадан кейін ұлттық экономика министрі, денсаулық сақтау министрі, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі мен ауыл шаруашылығы министрі журналистермен қатар қарапайым тұрғындардың да сауалына жауап береді. Сауалдарды ask@pm.kz пошталық мекен-жайына немесе төмендегі сілтемелердің біріне жолдауға боады: fb.me/primeminister.kz. fb.me/primeminister.int. twitter.com/primeminister_k. twitter.com/primeministerkz. twitter.com/primeministere. Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында Қазақстанның ұлттық экономика министрі доллар бағамының төмендегеніне қарамастан азық-түліктің неге арзандамай жатқанын түсіндірген еді.