• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2017

Жәрмеңкелер қайта жанданды

267 рет
көрсетілді

Енді облыс орталығы Өскемен мен Семейде әр аптаның сенбісінде жәрмеңке ұйымдастырылып, аймақтың аудандарындағы шаруа қожалықтары ет, сүт өнімдерін қызылсырап жүрген қалалықтарға арзан бағада саудалайтын болады. Қызылсырап деп бекерге айтып отырған жоқ­­пыз, қаланың базар­ла­рындағы еттің бағасы у­дай болғандықтан, ша­һар тұрғындары құны қал­та­сына қолайлы әрі қыр­дан жеткізілген таза өнім­ді пышақ үстінен талап әке­те­ті­нін көріп жүрміз. «Ең бастысы, бұл жер­дегі өнімдердің базар­дағыдан 15-20 пайызға арзан болатындығын, жәр­­мең­кенің апта сайын өтетінін ел білуі керек. Бұл жәрмеңке дәл уақытында әрі жоғары деңгейде ұй­ым­­­­дастырылып отыр ж­ә­не ауылшаруашылық өні­м­- деріне бағаның өсуіне айтарлықтай тосқауыл болады деп санаймын», деген еді облыс әкімі Даниал Ахметов Ұлан ауданының жәрмеңкесін аралаған кезде. Жақында Тарбағатай ауданының шаруалары өс­кемендіктерге өз өні­м­дерін ұсынды. Жәр­мең­кеде сиыр еті – 1200, жылқы еті – 1300, қой еті – 1100 теңгеден саудаланды. Жәрмеңкеге аудандағы барлық шаруа қожалықтары жұмылдырылды. Барлық ауылдық округтерден 6 тонна ірі қара, 2 тонна жылқы және 4 тоннаға жуық қой еті мен өзге де өнімдерді әкелдік. Баға қолжетімді, халық риза­шылығын білдіріп жатыр, дейді Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Мауадинов. Қала тұрғындары бұл күні ет, сүт өнімдерін сатып алып қана қойған жоқ, жәрмеңкенің жа­нын­дағы сахнадан аудан өнерпаздарының кон­церттік бағдарламасын тамашалап, арнайы әзір­лен­ген дастарқаннан, ақ­суат­тық Манап апаның буы бұр­қыраған Наурыз көже­сі­­нен дәм татты. Бұрын Тар­бағатайда еңбек еткен, бү­гінде қалада тұратын қариялар да жәрмеңкеге келіп, жерлестерін көріп қау­қылдасып, арқа-жарқа болып жатты. – Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында жәрмеңкенің қайтадан ұйым­дастырылып жатқаны жақ­сы болды. Бұл ең әуелі қарапайым халыққа қажет дү­ние. Базарға барсаң, атаң­ның құнын сұрайды. Бү­гін, міне, қапшығымды Бар­қытбелдің баурайынан әкелінген мал етіне қайыс­тыра толтырып қай­тып барамын, дейді қала тұрғыны, зейнеткер Әлім­хан Әбдіхалықов. Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан» ӨСКЕМЕН Суретті түсірген Ғылымбек СӘБИТОВ