• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2017

"Егемен Қазақстан" архивіндегі құнды суреттер Уикипедия жүйесіне жүктеледі

462 рет
көрсетілді

«Егеменнің» аса бай фотомұрағатында сақталған, Қазақстанның кеңес дәуіріндегі тарихын, тәуелсіздіктің маңызды сәттері мен жарқын жетістіктерін, қарапайым адамдар тұрмысын бейнелейтін суреттер, сондай-ақ Елбасының, өзге де мемлекет, қоғам және мәдениет қайраткерлері мен атақты спортшылардың, Қазақстан қалалары мен көрікті жерлерінің сирек фотосуреттері Уикипедия онлайн-энциклопедиясы арқылы ғаламтор пайдаланушыларына ұсыныла бастады. «Әлемнің кез келген түкпірінен интернет арқылы Қазақстанды іздеген адам осы суреттерді көре алады. Суреттердің ағылшын, орыс, қазақ тіліндегі түсіндірмелері болады. Біріншіден, бұл жоба арқылы аса құнды фотоматериалдарды жоғалудан сақтаймыз. Екіншіден, оларды көпшілік назарына ұсынамыз», деді «Егемен Қазақстанның» арнайы жобаларын таныстыру кезінде сөйлеген басылым жетекшісі Дархан Қыдырәлі. Wikibilim қорының басшысы Рауан Кенжехан авторлық құқық мәселесі қазіргі кезде өзекті екенін, ал аталған жобада "Егемен Қазақстанның" авторлық құқығы толығымен сақталатынын айтты. "Бүкіл дүниежүзіндегі контенттің, мәтіндердің, фото, видеоматериалдардың еркін айналымын қамтамасыз ететін ең үлкен репозитарий Wikimedia Commons деп аталады. Яғни, әлемнің кез келген жерінде Қазақстанға қатысты ақпарат, фотоматериал іздеген адамдар ең бірінші кіретін жері осы.  Бұл жүйе заңды түрде кез келген материалды тауып алып, авторлық құқықты сақтай отырып, заңды түрде қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан, осы ұсынысты қолдап, "Егемен Қазақстанды" жаңарту бағдарламасының бір бөлігі ретінде қолға алған газет басшысына көп рахмет айтамыз", деді Рауан Кенжеханұлы.