• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2017

Өскемендегі емханаға 13 автокөлік беріледі

176 рет
көрсетілді

Биыл Шығыс Қазақстанның барлық аудандарындағы құқық қорғау саласының қызметкерлеріне жиыны 143 автокөлік, заманауи рациялар, бейне регистраторлар және Өскемендегі жедел жәрдем ауруханасына «Мерседес» базасындағы екі реанимобиль мен 11 «Фольксваген» көлігі сатылып алынбақ. Бұл жайында облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында мәлім болды. Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Алмасхан Сматлаевтың айтуынша, аймақтағы фермерлерге субсидия үшін 1 млрд. 383 млн, ішкі істер саласына 1 млрд. 356 млн,  денсаулық сақтау саласына 800 млн. теңге қаржы бөлінеді. «Өңірдің құқық қорғау және денсаулық сақтау салаларының материалдық-техникалық базаларын жаңғыртуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Естеріңізде болса, былтыр облыс басшысы Даниал Ахметов Өскемен қаласында заманауи үлгідегі медициналық жәрдем көрсету мақсатындағы көліктердің пайда болатындығын айтқан болатын. Енді міне, облыс орталығына заманауи үлгідегі көліктер сатылып алынбақ. Мұның сыртында Өскемен қаласында бір, Семейде екі ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, 50 дәрігер Семей медициналық университетінің базасында ағылшын тілінен білімін жетілдіреді», – деді басқарма басшысы.  Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»