• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2017

Головкин туралы тағы бір ән жазылды (видео)

160 рет
көрсетілді

Орта салмақта WBA (Super), IBF, IBO және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин туралы тағы бір ән жазылды. «GGG» атты композицияның авторлары – қарағандылық Мұрат Бекішев пен прокурор Берік Амхетжанов. Бұл ән екі тілде орындалады. Мәтінінде боксшының ел мақтанышы екені, туған жері туралы айтылған. Бұған дейін Головкинге туындысын арнаған әншілер болған. Мәселен, қыркүйек айында Диана Шарапова «Genа King» әнін орындаса, Ануар Нұрпейісов, Марина Бейсеханова және пэпер Хамза Достояров бұл істен қалыс қалмаған. Ал 2014 жылдың қазан айында америкалық рэперлер Марио Руис пен Омар Круз қазақстандық боксшыға арналған «Mexican Style» трегін орындаған. Айта кетейік, 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Геннадий Головкин WBA (Regular) белбеуінің иегері америкалық Дэнниэл Джейкобспен қолғап түйістіреді. Елімізде бұл жекпе-жекті «Қазақстан» және «KazSport» телеарналары 19 наурызда 08:00-де тікелей эфирде көрсетеді.