• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2017

Қазақ күресінен ел чемпионаты Алматыда өтеді

158 рет
көрсетілді

Алматыдағы "Халық Арена" спорт сарайының кіші аренасында 18-19 наурыз күндері қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді. Жарысқа еліміздің 14 облысы және Алматы мен Астана қалаларынан 200-ден аса балуан қатысады. Қатысушылар сапында белгілі балуандар да аз емес. Соның ішінде үш дүркін "Қазақстан Барысы" Бейбіт Ыстыбаев, әлем чемпиондары Мұхит Тұрсынов, Айбек Нұғымаров, Айбол Айтбек және Ғани Сейділдаев, тұңғыш «Қазақстан Барысы» Ұлан Рысқұл, сонымен қатар Руслан Әбдіразақов, Мұрат Кентонов және тағы басқа білекті балуандар бар. Қазақстан чемпионаты Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан қазақ күресі федерациясы және Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтеді. Қазақстан чемпионатының бағдарламасы: 18 наурыз 10:00 82 кг, 90 кг, 100 кг және +100 кг салмақ дәрежелері бойынша іріктеу белдесулері 12:00 Жарыстың салатанатты ашылу рәсімі 16:00 82 кг, 90 кг, 100 кг және +100 кг салмақ дәрежелері бойынша 19 наурыз 10:00 55 кг, 60 кг, 66 кг және 74 кг салмақ дәрежелері бойынша іріктеу белдесулері 55 кг, 60 кг, 66 кг және 74 кг және түйе балуан дәрежесінде