• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2017

Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының жаңа президенті сайланды

395 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының президенті болып Ислам Әбішев сайланды. Конгресске келген 46 елдің қауымдастық басшылары осындай шешімге келді. «Жауапты қызметті сеніп тапсырғаны үшін алғысымды білдіремін. Астанаға келген 46 мемлекеттің федерация басшылары ойымызды қолдап, келешекте осы спортты одан әрі дамытуға ат салысатынын мәлімдеді. Біз де осы бағытта жұмыс істейміз», – деді «Дүниежүзілік Қазақ күресі» федерациясының президенті Ислам Әбішев. Қазақ күресінің үйірмелері АҚШ, Германия және Африканың бірнеше елдерінде ашылған болатын. Енді осы спорт түрін Олимпиада ойындарының құрамына енгізу басты жоспарда тұр. Айта кетерлігі, 2020 жылы Токиода өтетін додада қазақ күресі көрсетілім бағдарламасында болады. Бұған дейін басшылық қызмет атқарған Серік Төкеев бірінші орынбасары болады. Сонымен қатар, қазақ күресі федерациясының бас хатшысы болып Нұрлыбек Ермағамбетов сайланды.