• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2017

Головкиннің бокс кешінде кімдердің жұдырықтасатыны белгілі болды

144 рет
көрсетілді

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA (Regular) белбеуінің иегері Дэнниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) арасындағы бокс кешінде кімдердің жұдырықтасатыны толығымен белгілі болды. Бұл күні 35 жастағы америкалық Мэтт МакКиней (3-2-2, 1 KO) 19 жастағы британиялық Джей МакФарлейнмен (2-0, 2 КО) жұдырықтасса, 21 жастағы украиналық Сергей Богачук (2-0, 2 КО) 28 жастағы Ясмани Педросомен (1-1, 1 КО) күш сынасады. Бұған дейін Головкин-Джейкобс жекпе-жегінің андеркартында орта салмақта WBO чемпионы Энди Ли (34-3-1, 24 KO) мен америкалық Кеандре Лезервуд (19-3-1, 12 КО) қолғап түйістіретіні белгілі болған. Сонымен қатар, осы күні мына жекпе-жектер өтеді: Роман Гонсалес (Никарагуа, 46-0, 38 КО) – Висаксил Вангек (Тайланд, 41-4-1, 38 КО); Карлос Куадрас (Мексика, 35-1-1, 27 КО) – Давид Кармона (Мексика, 20-3-5, 8 КО); Райан Мартин (АҚШ, 17-0, 10 KO) – Брайант Круз (АҚШ, 17-1, 8 KO) Айта кетейік, бұл кеш 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл жекпе-жекті елімізде «Қазақстан» және «KazSport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.