• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
14 Наурыз, 2017

Комиссияның кезекті отырысы өтті

102 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрайымдығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста Қазақстан Пре­зи­денті Н.Ә.Назарбаевтың «Қа­зақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік» атты Жол­дауында айқындалған міндеттерге сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан әрі жетілдірудің тәсілдері талқыланды. Мемлекеттік хатшы қойылған мақсаттарға қол жеткізу көбінесе білімнің сапалы болуына байланысты екенін атап өтті. Сондықтан бағдарламаны жетілдіру елдің адами капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізетін болады. Г.Әбдіқалықова осы мақ­сат­пен құрамына мүдделі мем­ле­кеттік органдардың өкіл­дері, қазіргі заманғы халық­аралық білім беру саласы­ның сарапшылары мен «Бола­шақ» бағдарламасының түлек­тері енген Жұмыс тобы құ­рыл­ғанын атап өтті. Ол «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясында, «100 нақты қадам» Ұлт жос­пар­ында айқындалған басым­дық­тарды ескере отырып, ұсыныстар әзірледі. Отырыс барысында Жұ­мыс тобының ұсыныстары талқыланды. «Болашақ» стипендиясын үш бағытта: 1) стра­тегиялық міндеттерге сәй­кес адами капиталдың жа­һан­дық бәсекеге қабілеттілік жолында стипендияның рөлін айқындау және күшейту; 2) стипендиаттарды іріктеу­дің жаңа қадамдарын қалып­тас­тыру; 3) түлектердің әлеуетін жүзеге асыруды күшейтуді одан әрі жетілдіру көзделуде. Елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету және оның ұзақ мерзімді перспективада жаһандық бәсекеге қа­бі­­леттілігін арттыру мақ­са­тында жастардың жоғары дең­­гейлі білім алуына инвес­ти­циялар салуды талап етеді. Бағ­дарламаны іске асыру тәсіл­­дерін оңтайландыру үміт­кер­­лерді іріктеу жүйесі мен олар­ға қойылатын талап­тар­­ды жетілдіруге, үміткер­лердің ағымдағы және келе­шек­тегі әлеуетін анықтауға, бі­лім берудің басым бағыт­тар­ын анықтауға және шет­ел­­дік жоғары оқу орындары­на қойылатын талаптарды қай­та қарауға бағытталатын болады. Жұмыс тобының ұсы­ныс­тары одан әрі пысықталуы үшін ел Үкіметіне жолданды. Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»