15 сәуір күні «Нұр Отан» ХДП-ның Парламент Мәжілісіндегі фракциясы төралқасының отырысы болып өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Отырыста су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына көмек көрсету туралы мәселе қаралды.
Жайық өңіріндегі апатты жағдай ешкімді де бейжай қалдырмасы анық. Мемлекет басшысы, партияның көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың үндеуіне қосылған «Нұр Отан» ХДП фракциясының төралқасы «Нұр Отан» ХДП фракциясы атынан су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына бір күндік еңбекақы көлемінде көмек көрсету туралы шешім қабылдады.
Бар жағдайды көзбен көріп, мәселені шешуге ықпал жасау үшін 15 сәуір күні депутаттар тобы Батыс Қазақстан облысына аттанып кетті.