• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
22 Сәуір, 2011

Маңызы артқан басқосу

438 рет
көрсетілді

«Риа Новости» агенттігінде елордада мамырдың 3-4-інде өтпек ІV Астана экономикалық форумына арналған баспасөз конференциясы өтті. Оған Эко­номикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Сү­лей­менов, «Ғалымдардың еура­зия­лық эко­номикалық клубы» қауым­дас­тығы төрағасының орын­басары Бақытгүл Сарина, «Экономика­лық зерттеулер инс­титуты» АҚ президентінің міндетін атқару­шы Жәмила Бопиева қатысты. Олар алда болатын ІV Астана эко­номикалық форумының күн тәртібіне шығарылып отырған тақырыптар мен талқылайтын мәселелерді баяндады. Дәл қазіргі күні елордада өтетін форумға қатысуға қызы­ғу­шылық танытып отырғандар са­ны 3 мыңнан астам екен. Оның ішінде 900 шетелдіктер бар. Эко­номикалық форумға Нобель сый­лығының лауреаттары Джеймс Мирлис, Роберт Ауманн, Роберт Манделл, Финн Кидланд, Джон Нэш, Эрик Маскин және Роджер Корнбергтер келеді деп жоспар­ланып отыр. Бұл форумның бірегейлігін арттыра түспек. Астана экономикалық форумы еуразия­лық кеңістікте дәстүрлі үнқатысу алаңына айналды. Біздің Санкт-Петербург форумы, Азиялық Баос форумы бейнесінде бәсекелес­теріміз бар. Алайда оларда көте­ріл­меген немесе жеткілікті тал­қы­ланбаған бос кеңістік біз өт­кізгелі отырған форумда тол­ты­ры­лады. Сондай-ақ Астана эко­но­микалық форумы тек Қазақ­станға, Орталық Азия және ТМД туралы ғана емес, халықаралық экономикалық даму, азық-түлік қауіпсіздігі, экологиялық дамуды да талқылайды, деді баспасөз кон­ференциясында Экономи­ка­лық даму және сауда вице-министрі Тимур Сүлейменов. Вице-министрдің айтуынша, биылғы жылғы форум жүгі үш бағытта қарастырылмақ: әлемдік эко­номика, бизнес және инвестиция, қоғам және тұрақты даму. 3-4 мамырда индустриялық-инновациялық жобалар көрмесін өткізу жоспарлануда. Форум аясында ірі қазақстандық және шетелдік ұйымдар арасында келісім-шарттар мен меморандумдар бекіту, инфрақұрылымға және банк секторына инвестиция тартылу күтілуде. Венера ТҮГЕЛБАЙ.