• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
22 Сәуір, 2011

Көктемгі егіске әзірлік қалай?

363 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Кәрім Мә­сі­мовтің төрағалығымен өткен се­лекторлық режімдегі Үкімет оты­рысында көктемгі егіс нау­қа­нына дайындық жұмыстарының барысы қаралды. Осы мәселе бойынша баяндама жасаған Ауыл шаруашылығы министрі Асыл­жан Мамытбековтің айтуынша, биылғы жылы ауылшаруашылық дақылдарының егістігі 21,3 миллион гектар алқапты құрамақ. Соның ішінде 18,6 миллион   гектар жерге жазғы бидай егілмек. Аталған жұмыстарды жүргізу үшін «ҚазАгро» холдингі 88,2 миллиард теңге қаржы ба­ғыт­тай­тын болады. Мұның 78 миллиард теңгесі – бюджет қаржысы. Министрдің айтуынша, жа­сақ­­талып отырған жаңа бағ­дарла­ма­ның негізінде Ауыл шаруа­шы­лы­ғын қаржылай қолдау қоры ар­қы­лы шағын және ұсақ шаруа­шы­лықтарға көмектесу мақсатында қаржы бағытталады. Ал мемлекеттік субсидияның көлемі 30,5 миллиард теңгені құрайды. Көктемгі егіс науқанын жүр­гізу үшін ауылшаруашылық тау­ар­­ларын өндірушілерге 106,2 мың тонна арзандатылған жанар-жағар-май жөнелтілген. Бұл – жос­парланған көлемнің 50 пайызы. Техникалардың әзірлік дең­гейі – 93 пайыз. Ақтөбе, Батыс Қа­зақстан облыстарынан басқа өңірлердің барлығы тиісті тұқым көлемімен қамтамасыз етілген. Ал аталған облыстарға мемлекеттік ресурстар есебінен 50 мың тон­на тұқым беріледі. Сөйтіп, бұл мәселе де толық шешімін таппақ. Аталған отырыста Ауыл ша­руа­шылығы министрлігінің бас­шысы көктемгі егіс кезінде аг­рар­лық шаруашылықтарды не­сие­­лен­дірудің жаңа жүйесін ұсын­ды. Бұл жүйе бойынша «ҚазАгро» холдингі есебінен осы холдинг құра­мын­дағы «Азық-түлік келі­сім-шарт кор­порациясы» АҚ арқылы әлеу­меттік кәсіпкерлік кор­порациялар кепілдігімен 12 миллиард теңгенің бюджеттік қаражаты бағыттала­тын болады. Осы несиені өтеу үшін шаруа­шылықтар мен шаруа қожалық­тары күздік өнім есебінен өсірген астықтарын тапсыра ала­ды немесе ақша күйінде де есеп айырыса алады. Таңдау шаруа­шы­лық­тар­дың өздеріне беріледі. Асылжан Мамытбековтің ай­туы бойынша, тіпті құрғақшылық орнаған жағдайдың өзінде несие есебінде берілетін бұл қаржының қайтарымдылығына кепілдік бар. Өйткені, шаруашылықтар бұл қар­жыны әр гектардан 3-4 центнерден өнім алғанның өзінде де қайтара алатын болады. Әрбір гектар жерге бөлінетін несиенің көлемі 6 мың теңгеден есептеледі. Шаруашылықтар несиені күз­дік өнім есебінен астық тапсыру арқылы қайтарған жағдайда ол астықтың бағасы да күзде белгіленетін болады. Егер шаруа­шы­лық­тардың барлығы алған несиелерін астық бойынша тапсырды деген­нің өзінде 400 мың тонна астық жи­на­луы қажет екен. Азық-түлік келісім-шарт корпо­ра­циясының би­ылғы жылы астық өсірушілерді қолдау мақсатында 1 миллион тон­­наның астығын са­тып алуды жоспарлап отырған­ды­ғын еске алаты? ??????, ???н болсақ, мемлекет үшін шаруашылықтарға бер­­ген несиені астық есебінде қай­тарып алудың да ешбір зияны жоқ. Аталған мәселені қорытын­ды­лай келе, Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов азық-түлік бағасының көтерілмей қалыпты деңгейде ұс­талуына ерекше мән берді. Пре­мьер-Министрдің айтуы бойын­ша, алдағы уақытта мұнай бағасы қайта құлдырауы да ғажап емес. Оның экономиканың барлық са­лаларына, соның ішінде астық бағасына да әсер етуі мүмкін. Осыған орай Кәрім Мә­сімов Эко­номикалық даму және сауда министрлігіне тәуекелді басқарудың дұрыс жүйесін жасақтап, қалып­тастыруды тапсырды. Отырыс барысында Үкімет бас­шысы Батыс Қазақстан облы­сындағы тасқын судың зардап­та­рын жою жұмыстарының бары­сы­мен танысты. Премьер-Министрге бұл жайында Батыс Қа­зақ­стан облысының әкімі Бақ­ты­қожа Ізмұ­хамбетов пен Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мә­лім­деді. Олардың ай­ту­ынша, қазіргі күні тасыған өзен­дер арнасы қайта қалпына келе бастаған. Бірақ қауіп әлі толық сейілген жоқ. Сұңғат ӘЛІПБАЙ.